Жаңалықтар

Облыс әкімі әйелдер қауымын мерекемен құттықтады

Облыс әкімі әйелдер қауымын мерекемен құттықтады

Халықаралық әйелдер күніне орай К. Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филормониясының «Баласағұн» орталық концерт залында салтанатты жиын өтті.

Мерекелік шарада облыс әкімі Нұржан Нұржігітов әйелдер қауымын мерекесімен құттықтады.

Бұдан соң бірқатар көпбалалы аналар, облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып жүрген әйелдер марапатталды. Нақтырақ айтсақ, Мемлекет басшысының жарлығымен Асел Рахимоваға, Гүлира Шамбеталиева, Зарипа Нұрматоваға «Алтын алқа» алқасы тапсырылса, Гүлнұр Шөкебаева, Райхан Дүйсенова, Мадина Рсымбетова «Күміс алқа» алқасымен марапатталды. Сондай-ақ, өзге де нәзік жандылар «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» белгісімен, Құрмет грамотасы және Алғыс хаттармен марапатталды.  

Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі