- Advertisement -

Әулиеаталық аруларды ардақтады

87

- Advertisement -

Қазақстан Журналистер одағы облыстық филиалының ұйымдастыруымен «Анаға тағзым» орталығында 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай, облыстың бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарында жұмыс істеп жүрген журналист қыз- келіншектермен кездесу өтті.

БАҚ өкілдерінің алдында сөз алған филиал төрағасы Жаңабай Миллионов осы салада еңбек етіп жүрген нәзік жанды қаламгерлердің қоғамдағы атқарып жатқан қызметтеріне жоғары баға берді.

Салтанатты жиында «Aulieata-Media» ЖШС-ның бас директоры Оралхан Дәуіт, облыстық «Jambyl» телеарнасының директоры Гүлбаршын Құланбаева, «Aulieata-Media» ЖШС бас директорының орынбасары Алпамыс Қазыбаев, «Анаға тағзым» орталығының директоры Эльмира Мырза-Ғали, облыстық «Знамя труда» газетінің бас редакторы Татьяна Борисенко мен Тараздағы, аудандардағы бірқатар журналист қыз-келіншектерді алда келе жатқан мерекемен құттықтады. Облыстық «Aq jol» газетінің бас редакторы Хамит Есаман және облыстық «Аr-Ai» газетінің бас редакторы, филиал басшысының орынбасары Тұрсынбек Сұлтанбеков кеш қонақтарына жылы лебіздерін білдіріп, жырларын арнады.

Сондай-ақ, арулар мерекесі қарсаңында облысымыздың алты журналист аруы салтанатты шара барысында Журналистер одағы облыстық филиалының төрағасы Жаңабай Миллионов одақ қатарына қабылданған облыстық «Аr-Ai» газетінің тілшісі Ақтоты Жаңабайға, облыстық «Знамя труда» газетінің тілшісі Лариса Губашеваға, облыстық «Jambyl» телеарнасының редакторы Ардақ Сапибуллаға, Т.Рысқұлов ауданы әкімінің баспасөз хатшысы Мөлдір Тастанбекке, Шу аудандық «Шу өңірі» газеті бас редакторының орынбасары Динара Батырхановаға, «08.info» ақпарат агенттігінің бас редакторы Дариха Үмбетияроваға Қазақстан Журналистер одағының мүшелігінің куәлігін, төсбелгісін және ескерткіш сыйлықтарды табыс етті. Сондай-ақ, жиынға шақырылған журналист қыз-келіншектердің баршасы мерекелік сый- сияпатқа ие болды.

 

Есет ДОСАЛЫ

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support