- Advertisement -

Сұлтан Бейбарыс

337

- Advertisement -

Ол сұлтан әл-Мәлик әз-Захир Рун ад-Дин Абу әл-Фатах Бейбарыс бин Абдулла әл-Бундукдари әл-Салихи әл-Наджми. 625 х ж бойынша Дешті Қыпшақ жерінде дүниеге келді, Бейбарыс есімінің мағынасы түркі тілінен аударғанда « دهفَ ريمأ » [ʼәмӣṗу фәһд], яғни «барыстың барысы, нағыз барыс, алып барыс, ең мықты барыс, бірінші барыс» дегенді білдіреді.

Бейбарысты Дамаскінің базарында Әл-Эмад әл-Да’и құлдыққа сатып алғаннан кейін Каир қаласын апарып сұлтан Аладдин Эдкен Бундукдариға сатып жібереді. Кейін Бейбарыстың әскери қабілетін байқаған Айюби әулетінің сұлтан Салих Нажумиддин оны өзінің жеке гвардиясының бір бөліміне сардар етіп алады. Сұлтан Салих қайтыс болғаннан кейін оның ұлы Тұран Шах қол астында сарбаз болып қалады. Дамиет шайқасында Бейбарыс ер жүректілігімен айрықша көзге түседі.

Муиззәддин Айбек Айюби билікке келген соң, Ақтайды өлтіріп Бейбарыс бір топ Мамлюктармен Дамаск қаласына қашып кетеді. Сол кездегі Шам мемлекетінің Сұлтаны Салих ад-Дин Юсуфтен рұқсат алып Дамаск қаласында тұрақтайды. Муиззәддин Айбекті бір топ Мамлюктер өлтіргеннен кейін Мысырдың тағына Мұзаффар Сайфуддин Құтұз отырады. Дамаскіден Бейбарыс Мысырдың жаңа сұлтанына хат жолдап одан өзіне аманат сұрап сол аманаты Сұлтан Құтұз берген соң 658 х. ж Каирге оралады. Каирге оралған соң Сұлтан Құтұз Бейбарысты әскер басшысы қылып тағайындайды. Уақыт өте келе Сирияға ішкерілей кірген Татарларға Сұлтан Құтұз жорыққа аттанады, Айн-Жалут шайқасында Бейбарыс Татарларға қарсы жойқын соққы беріп өзінің әскери шеберлігін танытады. Дамаск қаласын басып алғаннан кейін Бейбарыс Хомс аймағында өз әскерімен Татарлардың тас-талқанын шығарып Дамаск қаласына оралады. Осы жорықта Бейбарыстың аты бүкіл Мамлюк мемлекетінің әрбір аумағына тарайды. Бейбарыстың танымалдығынан сескенген Сұлтан Құтұз Бейбарыстың соғыстағы ерлігін ескермей Бейбарысты марапаттамай шеттеткісі келеді, бұны байқаған Бейбарыс Дамаск қаласынан Каирге қайтқан жолда бірнеше Мамлюк сарбаздармен келісіп Сұлтан Құтұз аңшылыққа шыққанда Бейбарыс қастандық жасап 17 Зуль-каада айында 658 х. ж Сұлтан Құтұзді өлтіріп өзі таққа отырады.

Сұлтан Бейбарыс таққа отырғанда ол Мамлюктердің төртінші сұлтаны болып таққа отырды, алайда Мамлюк мемлекетінің негізін қалаушысы болып есептеледі, себебі ол мемлекет басқару жүйесіне көп өзгерістер енгізеді, мысалға айта кетсек Парламент мүшелерін енгізді, әскери тәртіп, қазына басқару жүйелерін енгізді.

Сұлтан Бейбарыс басқарған уақытта Каир қаласында Аббасидтердің негізі қаланды 659 х ж бойынша. Жаулап алушы деген лақап атпен танымал болды, себебі Сұлтан Бейбарыс басқарған кезде Кейсария, Арсуф, Сафд, Табрия, Яффа, Акка, Алеппо, Банбас, Тартус осы аталған қалаларды Хрест жорықшылардан жаулап алды. 1265 жылы Ханзада Иванды Монғолдарға қарсы соғысқа аттандырады. Мамлюктер Монғолдармен Христиан жорықшыларына қарсы екі жақтан Сұлтан Бейбарыс өмірден озғанша соғысып өтті. Монғолдардан бірнеше қалаларды жаулап алады. Солтүстік Аллепо, Шираз, Бир-Шифа және де Нубия (казіргі Судан) елдеріне жорыққа шығып, сол елдерді жаулап алумен тоқтамай Асуан қаласы, Балақ аралы, Микаил аралын да жаулап алады.

Сұлтан Бейбарыс Мамлюктердің төртінші сұлтаны болып саналғанмен, ол Мамлюк мемлекетінің нағыз қалаушысы болып есептелінеді, себебі ішкі және сыртқы саясатта көп өзгерістер енгізіп, Мамлюк мемлекетінің саяси дамуына ғана емес әдеби, діни, экономика жағында да орасан даму әкелді. Мұхаммед пайғамбардың Мединадағы күмбезі мен Меккеден бұрын құбыла болған Кубба-ас-Сахра мешіттерін күрделі жөндеуден өткізген Бейбарыстың бағасыз еңбегі бар. Дамаск аймағына әл-Аблақ қамалын соқтырып, Дамаск қаласындағы Зейн әл-Абидин мешітін де жаңартты. Бар ан-Наср аймағында монша да салдыртады.

Бейбарыстың Египет жеріндегі құрылыс саласында қалдырған іздері өте көп. Сұлтан Бейбарыс Мысырдағы көптеген нысандарды жөндеуге және салуға үлес қосты, соның ішінде Омардың Тау бекінісіндегі мешіттің кеңдігі екі қабат жабылған. Бұл мұнараның биіктігі шамамен 5,66 м және ені 59,61 м болатын жоғарғы фризден жасалған. Фризден портрет, гео немесе бүйірлік кескіндер жасап, арасында алма-кезек рельефпен қашалған жетілік фигуралар кездеседі. Ол Каир аймағында жаңа үйлер соқтырып қана қоймай, жаңа базарлар және моншалар салдырды, қару ұстаханаларын, әл-Рауда ғимаратын жаңартты. Ашум қазбаларын жүргізді. Каир аймағында алыстап кеткен қайықтарға жолсерік болатын маяктар тұрғызды және Бахр Әби әл-Манганың тосқауылдарын, әл-Сабаа, Омар Сур әл-Мадина тосқауылдарын қалпына келтіріп жаңартты. Әл-Азхар университетін кеңейтіп қана қоймай шәкірттерге тәлім алуға бар жағдайларын жасады. Александрия қаласын әл-Манар мен Рашид көпірлерін салдырды онымен ғана тоқтамай ғимаратын жаңартты. Салхия медресесінің жанына жаңа медресе ғимаратын соғып берді, әл-Хусейния аймағының сыртынан үлкен мешіт салдырды. Ол сондай-ақ, әл-Аббасия елді мекені жанынан әл-Захирия елді мекенін соқтырды.

676 х. ж Мұхаррам айының 14 күні Сұлтан Бейбарыс дертке шалдығып, дертінің асқынып кетуіне байланысты Мұхаррам айының 28 күні көз жұмады. Сұлтан Бейбарысты Дамаск қаласына жерлеп, қабірінің жанына әл-Шафиғи мен әл-Ханафи мазхабының медреселері салынды. Оның ел басқаруы 17 жыл 2 айға созылды. Таққа мұрагер болып ұлы Сұлтан әл-Саид Насируддин Баракат Хан отырады.

 

 Мұхаммед Ахмед Әбдел Латыф,

Мансур университетінің Ислам ескерткіштері саласының білікті маманы, профессор, доктор.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support