Жаңалықтар

«Өлгенше күлесің...»

«Өлгенше күлесің...»

Бір егде кісі жас келіншекпен танысыпты. Келіншек қалжыңпаз екен. Ал еркектің әзілге ебі жоқ боп шығады. Осыған көңілі толмаған келіншек: «Ең болмаса, дұрыстап әңгіме де айта алмайсыз, обшым, қолыңыздан не келеді?» депті. Сонда анау «Суретіңді фотоға түсіре алам, қылқаламмен суретіңді салам» депті жалпақтап. Бірақ қыздың оған да көңілі толмай қабағы керілген ғой. Сонда жалпақтаған жігіт ағасы: «Айтпақшы, менің тағы да бір өнерім бар, жақсылап қытықтай алам, өлгенше күлесің!» деген екен.