- Advertisement -

«Даму» арқылы кәсібін дамытуда

32

- Advertisement -

Тараз қаласындағы жолаушы тасымалы жыл санап жолға қойылып келеді. Осы тасымал жұмысымен айналысып отырған кәсіпкердің бірі – Нұрсұлтан Ералыұлы. Оның басқаруындағы «ТаразТрансМоторс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2012 жылдан бері жұмыс істеуде.

– Біздің серіктестік Тараз қаласында 11 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Негізінен қала жұртшылығына екі бағыт бойынша қызмет көрсетеміз. Жолаушылар тасымалы бір қарағанда оңай болып көрінгенімен, оның да шешімін таппаған шаруасы шаш-етектен. Біз жолаушылардың көңілінен шығу үшін автобустарымызды жаңасына ауыстырып, өз бағыттарымызға енгізудеміз, – дейді кәсіпкер.

«ТаразТрансМоторс» ЖШС Тараз қаласы бойынша жолаушылар тасымалы қызметін жүзеге асыру үшін алғашында өз қаражаты есебінен Қытайда құрастырылған 5 автобус сатып алып келген болатын. Бұл жолаушылар тасымалына тың серпін беріп, одан түскен қаржыға және қосымша өз қаражатын қосып, Қытайда шығарылған тағы он автобус алып келіп, бағытқа қосты.

– Өткен жылда 10 жаңа автобус сатып алу үшін қомақты қаражат қажет болды. Осы кезде біз «Даму» қорының облыстағы филиалына жүгініп, толық кеңес алған едік. Өзіміздің басшылық құраммен ақылдаса келіп, қордың жәрдеміне сүйене отырып, екінші деңгейлі банктерге өтініш жасадық. Біздің өтінішімізді «ForteBank» мақұлдады. Сөйтіп, несиеміз «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» шеңберінде мақұлданды. «Даму» қоры пайыздық мөлшерлемені субсидиялау және кепілдендіруді ұсынды, бұл ретте кәсіпкер үшін сыйақының соңғы мөлшерлемесі жылдық 6 пайызды құрады, – дейді кәсіпкер.

Кәсіпкер «Даму» қорының 6 пайызының арқасында 10 жаңа автобус сатып алып, өз бағыттарына қойған. Бұдан былай да кәсіпкердің жоспарында жаңа автобустар санын көбейту мақсаты тұр.

 

Марат ҚҰЛИБАЕВ

Тараз қаласы

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support