- Advertisement -

Төртжақты меморандумға қол қойылды

88

- Advertisement -

Кеше мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру мақсатында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің бастамасымен Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының облыс бойынша филиалы, облыс әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы және облыс әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою рәсімі өтті.

– Жақында осындай төртжақты келісім облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасымен жасалған болатын. Мұндай тараптар ынтымақтастығының мақсаты – өзара әрекеттестік нәтижесінде облыстағы мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілеріне (келісімшарт негізінде жұмыс істейтін азаматтық қызметшілерді қоса алғанда) облыс орталығындағы басқармаға бағынысты облыстық театрлардың мемлекетке, ұлтқа қызмет ету туралы қойылымдарын ақылы негізде тамашалауға мүмкіндіктер жасау арқылы мемлекеттік қызметтің имиджін көтеру болып табылады. Мәселен, театрлардағы қойылымдардың уақыты көбіне мемлекеттік қызметшілердің бос уақытымен сәйкес келе бермейді және олар театрдың күнделікті репертуарларынан хабарсыз болады. Енді алдағы уақытта Тараз қаласындағы Асқар Тоқпанов атындағы облыстық қазақ драма театры мен облыстық орыс драма театрының репертуарлық жоспарына сәйкес, мемлекеттік қызметшілердің ақылы негізде спектакльдерді көру кестесін тараптар келісе отырып бекітуді қолға алғалы отырмыз. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметтің имиджін көтеруге бағытталған шараларды жүзеге асыруда тараптар өзара бірлесіп әрекет ететін болады, – деді Мемлекеттік қызмет істері агенттігі облыс бойынша департаментінің басшысы Лесбек Ілебаев.

Бұдан кейін Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы Лесбек Ілебаев, Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы облыс бойынша филиалының директоры Рауан Садырқұлов, облыс әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Ерлан Жүнісбай және облыс әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Елдос Бекпатшаев «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» және «Мәдениет туралы» заңдарды басшылыққа ала отырып, өз құзыреттері мен өкілеттіктері шегінде келісімге қол жеткізіп, өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

 

 Жүрсінгүл ЖАҚЫП

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support