Денсаулық

Бүгін Тараз қаласы аумағында абаттандыру және санитарлық тазалық жұмыстары басталды

The final spritzer

Бүгін Тараз қаласы аумағында абаттандыру және санитарлық тазалық жұмыстары басталды

Бүгін Тараз қаласы аумағында абаттандыру және санитарлық тазалық жұмыстары басталды. Екі айлық тазалық акциясының алғашқы сенбісінде қаладағы мекеме, кәсіпорын қызметкерлері, қала тұрғындары жалпықалалық сенбілікке шықты.

Сенбілік аясында қала ішіндегі арық-атыздар тазаланып, қыс бойы жиналған күл-қоқыс шығарылды. Сонымен қатар қаланы көріктендіру, көгеріштендіру жұмыстары атқарылды. Саябақ, скверлерге, арнайы бекітілген аймақтарға түрлі ағаш көшеті отырғызылды. Оның ішінде көп жылдық талдар мен сәндік ағаштары, жеміс ағаштары бар.