- Advertisement -

Шыдамның да шегі бар

87

- Advertisement -

Сіздерге осы хатты «есітер құлақ, көрер көз болар» деген ниетпен жазып отырмын.

Мен 73 жастағы ардагер анамын. 2006 жылдан бері диспансерлік бақылаудағы науқаспын. Дәрігерге жиі қаралуыма тура келеді. Емханаға барғанда бірнеше сағаттап кезек күтіп, талон алып кіреміз. Әр талон 20 минутқа есептеледі. Өкініштісі сол, дәрігер ол уақытта қарап үлгере алмайды. Әр науқастың өз өтініші мен талабы бар. Одан бөлек, 2-3 сәбилі аналар, еңбек ардагерлері, аяғы ауыр аналарға түрлі жағдайдағы ем алушыларды қарайтын дәрігер әр кабинетте біреу ғана. Ал участоктың қанша көшені қамтитынын біле бермейміз. Жалпы, тәжірибелік дәрігер деп (ВОП) қазір бәрі бір жерге бағынады.

1960-1970 жылдары жүкті әйелдер – әйел консультациясына, сәбилер балалар емханасына қаралаушы еді. Қазір бәрі бір дәрігерге қаралады. Бұл уақыт жағынан да, ем жағынан да тиімсіз. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы осы жағдайды жақсы біледі деп ойлаймын. Бұл емделушілердің жанайқайы ескерусіз қалар болса, алдағы уақытта республика көлеміндегі БАҚ-тарға жазуды жөн көріп отырмыз. Бұл шегіне жеткен шыдамнан туған жанайқай екенін ескерсеңіздер екен.

 

Емхана емделушілері атынан Б.КӨПБАЕВА.

Тараз қаласы

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support