- Advertisement -

Туған жерге табан тіресем деймін

82

- Advertisement -

Мен сотталған Умаров Фарход Марифжаноғлымын. Бүгінгі таңда Тараздағы Ниетқалиев №106 көшесінің қиылысында орналасқан №38 түзеу мекемесінде жазамды өтеп жүрмін.

Облыстық «Aq jol» газетіне хат жолдау себебім, 2005 жылдан бері жұмыс істеп, ата-анама жәрдемдесу мақсатында Өзбекстан Республикасынан Қазақстанға келдім. Тараз қаласында жұмыс істеп жүріп, осы қаланың тұрғынымен әңгімем жарасып, 2018 жылы азаматтық некеде өмір сүрдік. Екі перзент сүйіп, әке атандым. Алайда, тағдыр тәлкегіне түсіп, отбасылық кикілжің, түсініспеушіліктің кесірінен, ашу үстінде біреуді пышақтап, сотталып кеттім.

Бүгінде сотталғаныма 4 жылдың жүзі болды. Осы уақыт аралығында бір де бір туысыммен кездеспедім. Жақындарымды, бауырларымды қатты сағындым. Осы отырған мекемеде барлық инстанцияға жүгініп, хат жолдадым. Бірақ жанайқайым еленбеді. Сол себептен бар үмітім осы «Aq jol» газетінде болып отыр. Ата-ана мен туған жердің қадірін осы темір тордың ар жағында жүріп қатты түсіндім. Өз туған жерімде қалған жазамды өтесем деген ниетім бар.

1999 жылдан бері Қазақстан мен Өзбекстан бір-бірімен бітімге келе алмай, сонша жылдан бері тағатсыздана күткен конвенциялық келісімшарт 2021 жылы күшіне енді. Сол келісімшартқа сай өз құқығымды пайдалана отырып, туған жерімде қалған жазамды өтесем арманым болмас еді.

Менің өтінішімді тиісті мекеме қызметкерлері жауапсыз қалдырмайды деп үміттенемін.

 

Аса құрметпен, жазасын өтеуші Фарход УМАРОВ.

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support