Құқық

Қарақшылық шабуыл жасаған

Қарақшылық шабуыл жасаған

Жамбыл аудандық полиция бөліміне қарақшылық шабуыл дерегі бойынша Тараздың 27 және 37 жастағы тұрғындары өтініш білдірді. Олардың айтуынша, «Тараз-Қаратау» тасжолында нөмірлері жоқ «Lada Priora» маркалы автокөлікпен үш белгісіз адам пышақ тәрізді затты қолдану арқылы күш көрсетiп, 900 мың теңгесін ұрлап кеткен.

Жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері 21, 22 және 24 жастағы күдіктілерді ұстады. Тінту барысында олардан 794 мың теңге қолма-қол ақша алынды. Күдіктілердің айтуынша, олар шабуылды алдын ала жоспарлаған. Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 192-бабы, 2-бөлігімен (қарақшылық) сотқа дейінгі тергеу басталды. Бапқа сәйкес мүлкі тәркіленіп, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қолданылады.  

Облыстық полиция департаментінің мәліметі бойынша дайындаған

Жүрсінгүл ЖАҚЫП.