- Advertisement -

Қоқысты жолға лақтырған

22

- Advertisement -

Шу аудандық полиция қызметкерлері қалалық әкімдікпен бірлесіп, рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерінің пайда болуына жол бермеу, тәртіп бұзушыларды жауапкершілікке тарту бойынша жұмыстарды жүзеге асыруда.

Осы мақсатта бейнебақылау камералары арқылы мониторинг жүргізу барысында қоқысты белгіленбеген орынға қалдырған тұрғын анықталды. Ол қоқыс қапшығын жол жиегiне тастай салған. Полиция қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде жергілікті тұрғын анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Тұрғын өз кінәсін мойындап, құқық бұзушылықтың салдарын жойды. Құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы 2-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылды.

 

Облыстық полиция департаментінің мәліметі бойынша дайындаған

Жүрсінгүл ЖАҚЫП.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support