- Advertisement -

Ардақты аналар марапатталды

68

- Advertisement -

Тоғыз ай, он күн көтеріп, бір қолымен бесігін, екінші қолымен әлемді тербеткен әзиз
анадан асыл адам бар ма екен, бұл жалғанда?! Мейіріміне бөлеп, бала жанын жаулығының ұшына түйіп өсірген аналардың ақ сүтін ақтау – үлкен-кішінің ортақ парызы.

8 Наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесіне орай, тараздық аяулы аналарға құрмет көрсетіліп, бірқатары «Алтын алқа» және «Күміс алқамен» марапатталды.

Облыс орталығында жалпы 4950 көпбалалы ана бар. Олардың 2634-і «Алтын алқа», 2316-сы «Күміс алқа» иегерлері. Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков бұл жолы алтын құрсақты 18 анаға «Алтын алқа», 50 анаға «Күміс алқа» төсбелгілерін салтанатты түрде табыс етті.

– Көпбалалы отбасылардың қуанышқа толы шаңырағына тілейтінім – зор денсаулық. Дүниеге әкеліп, өсіріп, тәрбие беріп отырған балаларыңыздың қызығын көріңіздер. Үлкен азамат болып жетіліп, қорғандарыңызға айналсын. Өз жетістіктерімен ата-анасын қуанышқа бөлесін, – деді қала әкімі.

Мерекелік жиында марапатталған аналардың арасында Ұлбосын Сейілханова да бар. Бүгінде ол жеті перзент тәрбиелеп отырған аяулы ана.

– Осынау көктем мерекесі қарсаңында құрмет білдірген ел ағаларына барша аналар атынан алғысымды білдіремін. «Бір қозы туса, бір жусан артық өседі» демекші, әр баланың өз ырыс-несібесі бар. Қазақ әйелдеріне демографияға үлес қосып, көбейе беріңіздер дегім келеді.

Құрсағымызды жарып шыққан балаларымыздың амандығын тілейміз, – деді Ұлбосын Сейілханова.

 

Тараз қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support