- Advertisement -

Таразда «Аутизмі бар балаларды қолдау» орталығы ашылады

70

- Advertisement -

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов Тараз қаласындағы бірқатар әлеуметтік-медициналық және қосымша білім беру мекемелерін аралады.

Алдымен аймақ басшысы «Ана мен бала» орталығына барып, жұмысымен танысты.

Балалар мен ересектерге мамандандырылған медициналық оңалту көмегін көрсететін орталық 270 стационарлық төсекпен қамтылған. Оның 70-і балаларға арналған. Мұнда неврология, травматология, ортопедия, кардиология, пульмонология бөлімшері бар. Барлығы 170-тен астам қызметкер жұмыс істейді.

Бас дәрігер Динара Кәрібаева нысанды күрделі жөндеу және қосымша ғимарат салу мәселесін көтерді.

Облыс әкімі күрделі жөндеу жұмыстарының қажеттілігі көптен бері көтеріліп келе жатқанына назар аударып, уақыт созбай бұл жұмыстарды бастау үшін тиісті тұлғаларға тапсырмалар берді.

Сондай-ақ, Нұржан Нұржігітов облыстық мүгедектерді оңалту және бейімдеу, көпбейінді хирургия және онкология,  арнаулы  әлеуметтік қызметтер көрсету балалар орталықтарына да ат басын бұрды.

Аймақ басшысы емдеу, оңалту орталықтарының қызмет алушылары және емделушілерін, оңалтудан өтіп жатқан балаларды әңгімеге тартып, жағдайына көңіл бөлді. Мекеме басшылықтарына ем алушыларға барынша сапалы қызмет ұсынып, қамқорлық таныту керектігін баса айтты.

Облыс әкімі 68 бала ем алып жатқан арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығын кеңейту мәселесіне де назар аударды.

Сонымен қатар, «Аутизмі бар балаларды қолдау» орталығының жобасы талқыланды. Ол үшін облыстық онкологиялық орталығының ескі ғимараты күрделі жөндеуден өтпек. Жаңа орталық осы ғимараттың базасында ашылатын болады.

Бұдан бөлек, аймақ басшысы мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларды өткізетін орталықтың да жай-күйімен танысты.

Нұржан Нұржігтов нысандарды күрделі жөндеуден өткізу, кеңейту қажеттілігіне сәйкес қосымша құрылыс жұмыстарын жүргізу бойынша жауаптыларға нақты міндеттер жүктеді.

Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support