- Advertisement -

Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу тәртібін оңайлату

204

- Advertisement -

Жылжымайтын мүлікті сатып алу, әрине, әр отбасында маңызды оқиға. Пәтердің, үйдің, жер учаскесінің немесе өзге де жылжымайтын мүлік объектісінің меншік құқығы мемлекеттің міндетті растауын талап етеді және құқықтық кадастрда міндетті түрде мемлекеттік тіркелуге жатады. Бұл ретте меншік иелерінің құқықтарын қорғауды, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, мемлекет пен азаматтардың өзара қарым-қатынастарын цифрлау, өтініш берушілердің жеке қатысуын және қағазбастылықты болдырмай, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді электрондық форматқа көшіру негізгі міндет болып табылады.

Азаматтар жылжымайтын мүлікпен мәмілені қарапайым жазбаша немесе нотариалдық нысанда жасауға құқылы. Мәміленің жай жазбаша нысанын жасасқан жағдайда тіркеуші орган «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Заңның 21-бабының тәртібімен мәміле тараптарының құқық қабілеттілігін, әрекет қабілеттілігін, ерік білдіруін, қолдарының түпнұсқалығын тексеруді жүзеге асырады.

Нотариусқа жүгінген кезде шартты ресімдеуге, оның мазмұнын тараптардың нақты ниеттеріне тексеруге байланысты барлық рәсімдерді және заңнама талаптарына қайшылықтардың болмауын нотариус жүзеге асырады. Бұл ретте жылжымайтын мүлікті мемлекеттік тіркеу саласында қызмет көрсету процестерін біртіндеп трансформациялау азаматтарға тіркелген құқықтар туралы ақпаратты электрондық түрде 20 минут ішінде алуға, сондай-ақ жылжымайтын мүлікке өз құқықтарын электрондық түрде бір жұмыс күні ішінде тіркеуге мүмкіндік берді.

2020 жылғы 1 шілдеден бастап жылжымайтын мүлікпен мәмілелерді ресімдеу кезінде эксаумақтылық енгізілді. Егер бұрын жылжымайтын мүлікпен жасалған мәмілелер оның орналасқан жері бойынша нотариуста куәландырылған болса, енді тараптар оның орналасқан жеріне қарамастан кез келген нотариусқа жүгіне алады.

2021 жылы Blockchain технологиясын қолдану арқылы екінші деңгейлі банктер рәсімдеген кепіл шарттарын тіркеу 1 жұмыс күні мерзімімен электронды форматқа көшірілді. Сонымен қатар, 2021 жылдың қыркүйегінде құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу немесе төлемнен босату туралы растау келіп түскен сәттен бастап екі сағат ішінде жеделдетілген тәртіппен нотариаттық мәмілелер негізінде жылжымайтын мүлікке құқықтарды электрондық тіркеу енгізілді.

Қазіргі уақытта «электрондық үкімет» порталы арқылы жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеудің барлық түрлерін аудару, сондай-ақ жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрын енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бұл жақын болашақта жылжымайтын мүлікпен жасалатын барлық мәмілелерді тіркеуді электрондық форматқа көшіруге мүмкіндік береді.

Мемлекеттік саясатты іске асыруды, нормативтік және әдіснамалық қамтамасыз етуді, тіркеуші органның қызметін бақылауды әділет органдары жүзеге асыратынын атап өткен жөн. Бұл ретте мемлекеттік тіркеуді жылжыматын мүлік объектісінің орналасқан жері бойынша «Азаматтарға арналған үкімет «Мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ жүзеге асырады.

 

Жуаныш АСАНБАЕВ,

облыстық әділет департаментінің бас маманы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support