Жамбыл облысында алғаш рет әлемде сирек кездесетін ауру түріне ұшыраған 6 айлық нәрестеге ота жасалды
Жамбыл облысында алғаш рет әлемде сирек кездесетін ауру түріне ұшыраған 6 айлық нәрестеге ота жасалды
Олардың бірі - Жамбыл облысында алғаш рет өкпе тамырларының қосылуының ішінара аномалиясы бар 6 айлық нәрестеге күрделі ота түрінің жасалғандығы болды. Қарыншалық септальды ақауы бар өкпе артериясының атрезиясы талдауымен туылған сәби Тараз қаласында дәрігерлердің жіті бақылауымен дүниеге келген. Туа біткен жүрек ақауының ішіндегі өте сирек кездесетін түрімен дүниеге келген нәрестеге ота жасаған Белоруссиялық кардиохирург мұндай ауру түрімен, көбіне, балалар ауыратындығын және ол дер кезінде анықталып, хирургиялық араласумен емделсе, жазылып кетуге мүмкіндіктің бар екендігін айтты. Әлемде осындай ақаумен барлығы 54 жағдай тіркелген. Жамбыл облысында мұндай хирургиялық араласу алғаш рет жасалып отыр. Алдағы уақытта шет елдік дәрігерлердің тәжірибесін Жамбылдық кардиохирургтер өз жұмыстарында пайдаланбақшы. Сондықтан, атақты Юрий Линник аталған күрделі отаны шеберлік сыныбы бағытында жасап, өз тәжірибелік әдіс-тәсілдерімен бөлісті.
Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі