Жаңалықтар

Таразда әнші-композитор Мұрат Құсайыновтың 75 жас мерейтойы аталып өтті

Таразда әнші-композитор Мұрат Құсайыновтың 75 жас мерейтойы аталып өтті

Таразда «Баласағұн» орталық концерт залында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әнші-композитор Мұрат Құсайыновтың 75 жас мерейтойына және «Дос-Мұқасан» ансамблінің 55 жылдығына арналған концерт өтті.

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов мерекелік шараға  қатысып, ізгі лебізін жеткізді.

Шара барысында жиналған жұртшылыққа  ретро стильдегі әндерден концерттік бағдарлама ұсынылды.