- Advertisement -

Ақын шығармашылығына арналған ай

177

- Advertisement -

Ш. Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханада халықтың кітап оқу белсенділігін арттыру мақсатында «Оқитын ұлт» республикалық жобасы шеңберінде өңір тұрғындарының, әсіресе жастар арасында жергілікті әдебиет туындыларын оқу және насихаттау, өлке тарихын, табиғатын, әдебиетін насихаттау, жасөспірімдердің зияткерлік-рухани дамуына ықпал ету бағытында «Бір өңір– бір кітап» облыстық акциясы аясында поэзия әлемінде өзінің ерекше қолтаңбасын қалдырған танымал балалар ақыны Совет Әлімқұловтың шығармашылығына орай «Асқақ ақын. Дара ақын. Бала ақын» еске алу кеші ұйымдастырылды.

Аталған іс-шарада облыстық «Ғұмыр-Дария» газеті бас редакторының орынбасары Болат Жаппарұлы акцияның бағытын қолдай келе, Совет Әлімқұловпен бірге Жамбыл аудандық «Шұғыла-Радуга» газетінде 20 жылға жуық әріптес болғанын айтып, сол қайталанбас сәттерден естеліктерімен бөлісті. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Бекет Момынқұл, Қазақстан Жазушылар одағы облыстық филиалының төрағасы ақын, облыстық «Аq jol» газетінің бас редакторы Хамит Есаман қазақ әдебиетіндегі Совет ақынның биік орны мен сырға толы кітаптарына кеңінен тоқталып, «Қолайна», «Өрімтал», «Ықылас», «Сыбызғы» кітаптары жөнінде айтып өтті. Ақынның ұлы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, «Ақпарат саласының үздігі» Бақытжан Советұлы әкесінің бірнеше өлеңдерін жатқа оқып берді.
Сонымен қатар іс-шара барысында ақынның бір топ өлеңдерін Жамбыл ауданы, Аса ауылындағы Б.Момышұлы атындағы мектеп-гимназиясының оқушылары мен кітапхана қызметкерлері оқып, шынайы шығармаларын көрерменге тарту етті. Іс-шара соңында аталған кітапхана директоры Эльмира Абдинова енді ай бойы ғажайып балалар ақыны Совет Әлімқұловтың шығармалары барлық аудандық, ауылдық кітапханаларда да кеңінен насихатталатынын айтып, кездесуге келіп, естеліктері мен пікірлерін айтқан қонақтарға шынайы алғысын білдірді.

 

Гүлайым ӘБІЛДАЕВА,
Ш.Уәлиханов атындағы облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасының бөлім меңгерушісі.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support