Меркі
Меркі
Жыл басынан бері ана мен бала денсаулығын қорғау мақсатында 524 дәрігерлік алдын алу шаралары өткізіліп, ол 20860 адамды қамтыпты. Дәрігерлер өткізген лекциялар мен түсіндіру жұмыстарының тақырыптары да әр түрлі. Мәселен, Андас батыр ауылында ана сүтінің маңыздылығы сөз болса, Тәтті, Қостоған, Достық ауылдарында «Өсімталдық – саулық негізі», «Ана мен бала денсаулығын қорғау және отбасын жоспарлау» сынды тақырыптар төңірегінде ұғынықты әңгіме қозғалды. Осы шаралар аясында бейнероликтер көрсетіліп, дөңгелек үстел, тренинг, акциялар ұйымдастырылды.