- Advertisement -

Еліміздегі өмір сапасының стандарттары қандай болу керек?

172

- Advertisement -

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының стратегиялық мақсаты – заманауи әлемдегі өмір сапасы стандарттарын Қазақстанға енгізу, аз қамтылған отбасылардың табысын тұрақты ұлғайтып отыру, мемлекеттің өсіп-дамуына, сондай-ақ ел тұтастығына кедергі келтіретін кедейлер мен байлар арасындағы алшақтықты жою.

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының (ЖСДП) сайлауалды бағдарламасы «Қазақстандықтардың өмір сапасы стандартын» енгізуді ұсынады. Онда адамның дұрыс тамақтануы, киім, дәрі-дәрмек, коммуналдық қызметтер, ақпарат, демалысқа қатысты қажеттіліктері ескеріледі. Зерттеу барысында анықталған азаматтардың әрбір тобы үшін негізгі көрсеткіштерге қол жеткізу бойынша арнайы бағдарламалар әзірленбек.

Еліміздің ұлан-ғайыр табиғи байлығын ескеретін болсақ, қазақстандықтар әлемнің үздік стандарттары деңгейінде өмір сүруі тиіс. Өйткені Қазақстан табиғи ресурстар қоры бойынша әлемде алтыншы, ауданы бойынша тоғызыншы, уран өндіру бойынша бірінші, ал уранның қоры бойынша екінші орында. Біз мұнай, газ, титан, магний, қалайы, уран, алтын және басқа да түсті металдар қоры бойынша әлемдегі ең бай елдердің біріміз.

Бүгінде қазақстандықтар осы байлықтың иесі ретінде өздерін сезіне ме?

Күні кеше Астанада өткен дөңгелек үстел кезінде ЖСДП төрағасы Асхат Рақымжанов: «Біз ауылдарға жасаған сапарларымыз барысында нашар жолдар мен «үзілген үміттерге» куә болдық. 1,5 мыңға жуық елді мекен интернеттің не екенін білмейді. Оны қойшы, 6 мыңнан астам шаңырақ электр желілеріне қосылмаған. Олар фермаларда немесе елден жырақ, шалғай жерлерде өмір сүріп отыр. Бүгінгі күні барлық аймақтар ауыз сумен қамтылып отыр деп айта алмаймыз, өткізілген жерлердің өзінде су сапасы көңіл көншітпейді. Бұл болса, біздің денсаулығымызға тікелей әсерін тигізетін фактор.

Қай салада болмасын – білім беру, денсаулық сақтау, ТКШ, құрылыс – үкіметтің Тәуелсіздік алғаннан бергі 30 жылдан астам уақытта салалардағы бірде-бір бағдарламаларды қисынды аяқтаған жоқ», – деп атап көрсетті.

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы еліміздегі кедейлікті есептеудің бірыңғай әдістемесін қабылдауды ұсынады. Дүниежүзілік банктің бағалауы бойынша, Қазақстан азаматтарының 15%-ы кедей. Бірақ ресми статистика халықтың тек 5,1%-ы күнкөріс деңгейінен төмен табыспен өмір сүретінін көрсетуде.

«Билік белгілеген 100 доллардан сәл ғана асатын «күнкөріс деңгейінің» азаматтарымыздың нақты қажеттіліктеріне ешқандай жетпейтіндігі және әлеуметтік саясаттың негізі бола алмайтыны бесенеден белгілі», делінген партия бағдарламасында.

Басып шығарушы: «AULIEATA-MEDIA» ЖШС Баспаның мекенжайы: «СЕНІМ» ЖШС. Таралымы 8092 дана.
Тапсырыс беруші: Жамбыл облыстық ЖСДП Төрағасы Дәуренбеков Е.К.

Жалпыұлттық социал-демократиялық партия сайлауалды қорының қаражат есебінен төленді.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support