Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы

20

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қызметтік борышын атқарудағы жанқиярлығы, сондай-ақ Түркия Республикасындағы және Сирия Араб Республикасындағы төтенше жағдайда көрсеткен ерлігі үшін наградталсын:

ІI дәрежелі «Айбын» орденімен

Жоламанов Айдын Қарақоржынұлы   – Төтенше жағдайлар министрлігі Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бастығы
Топанов Құрманғали
Сатыбайұлы
Қазақстан Республикасының Ұлттық Ұланы 3656 әскери бөлімінің авиациялық жасағының кеме командирі;

 

«Құрмет» орденімен

Айтпаев Ардақ Мақсұтұлы

 –

Төтенше жағдайлар министрлігі Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі басшысының орынбасары-құтқарушы
Сойко Руслан
Анатольевич

 –

Төтенше жағдайлар министрлігі Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің бөлімше басшысы – құтқарушы
Цой Владимир
Константинович

 –

Төтенше жағдайлар министрлігі Республикалық жедел-құтқару жасағының басшысы – құтқарушы;

 

«Ерлігі үшін» медалімен

Алдабекова Алмагүл
Амангелдіқызы

 –

Төтенше жағдайлар министрлігі Апаттар медицинасы орталығы Қарағанды облысы бойынша филиалының дәрігері
Арифджанов Султан
Бахтиярович

 –

Төтенше жағдайлар министрлігі Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің басқарма бастығы
Берлыбеков Ерік
Берікұлы

 –

Төтенше жағдайлар министрлігі Республикалық жедел-құтқару жасағының бас құтқарушысы
Горбачев Виталий
Евгеньевич

 –

Төтенше жағдайлар министрлігі Республикалық жедел-құтқару жасағының бөлімше басшысы-құтқарушы
Денисов Дмитрий
Анатольевич

 –

Төтенше жағдайлар министрлігі Республикалық жедел-құтқару жасағының бас құтқарушысы
Қозыбахов Жазылбай
Қалдыбайұлы

 –

Төтенше жағдайлар министрлігі Апаттар медицинасы орталығы Алматы қаласы бойынша филиалының басшысы – дәрігер
Оразалин Қахарман
Нұртасұлы

 –

Төтенше жағдайлар министрлігі Төтенше жағдайларды жою департаментінің бастығы
Сарсембаев Абдолла
Валериевич

 –

Төтенше жағдайлар министрлігі Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің бөлімше басшысы – құтқарушы;

 

«Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен

Хабиболла Берікболсын
Нұрболатұлы

 –

Қазақстан Республикасының Ұлттық Ұланы 3656 әскери бөлімінің литерлік авиациялық жасағының кеме командирі;


«Ерен еңбегі үшін» медалімен

Гудеев Николай
Николаевич

 –

 «Бүркіт» мемлекеттік авиакомпаниясының ұшу қызметінің Ил-76 ұшағының штурманы
Оспанқұлов Нұржан
Әбдібақиұлы

 –

 «Бүркіт» мемлекеттік авиакомпаниясының ұшу қызметінің Ил-76 ұшағының штурман-нұсқаушысы;

Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен

Қаппасов Наурыз
Мерекеұлы
 – Төтенше жағдайлар министрлігі Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің бөлімше басшысы – құтқарушы.

 

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының Президенті                                                                         Қ.Тоқаев

 

Астана, Ақорда, 2023 жылғы 24 ақпан  № 131

 

Akorda. kz

Comments are closed.