- Advertisement -

Тәрбие – тал бесіктен

82

- Advertisement -

Мемлекет басшысы өткен жылды Балалар жылы деп жариялап, мектепке дейінгі тәрбие бойынша да ауқымды жұмыс атқаруға нақты тапсырма бергені белгілі. Осы салада еңбек ете жүріп, бүлдіршіндерге жасалып жатқан игі істерді біз де сезініп келеміз. Тараз қаласындағы «Еркем-ай» жекеменшік бөбекжай бақшасында 12 топта 270-ке жуық бала тәрбиеленеді. Бөбекжай бақшаның меңгерушісі Алтынай Қалдарова үлкен ұжымды іскерлікпен басқарып келеді.

Мұнда балалардың жас ерекшелігіне қарай үш монтессори бөлмесі бар. Онда бүлдіршіндер өз қалауларымен өздеріне ұнаған істермен айналысады. Бұл сала бойынша өз ісінің шебері Сағадат Тұрдахметқызы балалардың жан-жақты дамуына үлкен үлес қосады. Бөбекжайдың тұзды бөлмесінде балаларға ем шаралары жүргізіліп, олардың денсаулықтарының нығаюына да баса мән беріледі. Ғимарат іші өте таза, жарық, бөлмелері кең. Балалардың еркін демалуына, үлкен топтардың сабаққа дайындықтарына ыңғайлы. Бүлдіршіндер үшін барлық жағдай жасалған. Әдіскер Гүлназ Байшораева күнделікті жұмыс ырғағын жоғары деңгейде ұйымдастырса, тәжірибелі тәрбиешілер Динара Байменова, Жанат Нәметқұлова озат істерімен ерекшеленіп келеді.

– Бізде тәрбие жұмыстары жақсы жолға қойылған. Балалардың ой-өрісін дамытып, қызығушылығын арттыратын түрлі іс-шаралар, ашық сабақтар өткізіліп тұрады. Әсіресе былтыр Балалар жылына орай өткізілген сан алуан іс-шараларымыз балаларымыздың да, ата-аналардың да көңілдерінен шықты деп айта аламын. Мектепке дейінгі мекеме тәжірибелі мамандармен қамтылып отыр. Ата-аналармен де байланысымыз жоғары. Әр баланың тәрбиесін, оқу деңгейін ұдайы қадағалап отырамыз, – дейді мекеме басшысы Алтынай Мұхамедқалиқызы.

 

Гүлнар ДОСАЛИЕВА,

тәрбиеші.

Тараз қаласы

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support