- Advertisement -

Шипалы шипажай

182

- Advertisement -

«Айша бибі» шипажайы облыс тұрғындарына минералды суымен, шипалы балшығымен жақсы таныс. Ол Тараз қаласынан 25 километр қашықтықта жатқан кіші Ақкөл көлінің жағасындағы Әулиекөл елді мекенінде орналасқан. Бұл көлдің суы мен батпағының емдік қасиеті зор, сондықтан да емделушілерге жасалатын емнің бастысы көлден алынған минералды балшық болып саналады.

Көл суы оның іргесінде орналасқан Аулие-бұлақ бастауынан бастау алады. Осы судың құрамында адам денсаулығына пайдалы 34 минералдар мен микроэлементтер бар. Шипажайдағы барлық емделушілер осы суды ем ретінде пайдалануда.

«Айша бибі» шипажайы күрделі жөндеуден өткізіліп, заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталып, 2017 жылдың 1 қырқүйегінде пайдалануға берілген болатын. Содан бері мекеме табысты жұмыс істеп келеді.

Шипажай 120 орындық. Бір мезетте онда осынша сырқат ем қабылдай алады. Емделушілерге 2 бөлім қызмет көрсетеді. Ол – емдеу және физиотерапия бөлімдері. Шипажайда кәсіби білімін жетілдірген тәжірибелі мамандар еңбек етеді. Онда 8 дәрігер жұмыс істейді, оның біреуі медицина ғылымдарының кандидаты болса, алтауы жоғары санатты дәрігерлер. Бұдан бөлек, 32 мейірбике жұмыс істейді, олардың 10-ы жоғары, 4-і бірінші, 1-і екінші санатты мейірбикелер.

Шипажайда республикамыздың әрбір аймағынан келген азаматтармен қатар облыс және Тараз қаласының тұрғындарына мамандандырылған медициналық көмек көрсетіледі. «Айша бибі» шипажайында пациенттерге сауықтыру медициналық қызметтерін, хирургиялық және жедел процестерден кейін және денсаулықты нығайту, иммунитетті жақсарту үшін барлық жағдайлар жасалған. Медициналық қызметтер шөптермен, емдік дене тәрбиесі (ЛФК), тұзды кеніші, парафин, физикалық тексеру, дәрі-дәрмектермен физикалық ем, биоптрон шамы, қолмен жасайтын массаж, жаңа ауа дренаждары, «кедр бөшкесі», сондай-ақ балшық, дәрі-дәрмектермен дәрілік ванна, әртүрлі типтегі дәрілік ванна, типтегі гидромассаж (барлық буындарының ванналары), буындарды қалпына келтіруге арналған аппараттар (артромот) және тағы басқа емдік шаралар қарастырылған.

Сондай-ақ сауықтыру мекемесінде барлық жабдықтар және олармен байланысты ғимараттар мен корпустар жинағы бар. Импорттық құрал-жабдықтар (Жапония, Польша, Германия, Оңтүстік Корея,Ресей) мен медициналық техникалардың барлығы халықаралық стандарттарға сәйкес келеді.

Шипажайдың емдік шараларына 4 рет тамақтану мен жатын орын кіреді. 2018 жылдың 4 желтоқсанынан бастап, «Айша бибі» шипажайы «Техстройпроект-2017» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің сенімгерлік басқаруына берілген.

Қазіргі таңда шипажайдың өз автобусы бар. Серіктестік тарапынан сумен жабдықтаудың барлық түріне күрделі жөндеу жүргізіліп, көлемі 50 текшеметрді құрайтын мұнара, 60 отау тв, 64 бейнекамера орнатылған. 2020 жылы кір жуу ғимараты қайта жаңғыртылып, шипажай ауласы темір қоршаумен қоршалды. 2021 жылы 48 текшеметрді құрайтын бассейн, 50 төсектік ғимарат, жасанды төсенішті футбол алаңы салынып, ғимарат қазандығы табиғи газға қосылды. Өткен жылы санитарлық «Лада Ларгус» көлігі сатып алынды.

Шипажай ашылған күннен бастап бүгінгі күнге дейін онда 11308 азамат ем алған. Шипажай өткен жылдың желтоқсан айында Аккредитациядан өтіп, аккредиттеу комиссиясының шешімімен емдеу мерзімі 3 жылға ұзартылып, екінші категория берілді.

Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, облыс тұрғындары мен қонақтарын біздің шипажайдан ем алуға шақырамын. Біздің шипажайымыз Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Әулиекөл ауылында орналасқан. Бізбен төмендегі телефондармен хабарласып, мәлімет алуға болады.

Ұялы телефон: +7747 961 27 60.

Жұмыс телефоны: 8726 33 50 203.

 

Райымбек НҰРЖАНОВ,

«Айша биби» шипажайының

бас дәрігері.

№17016269 мем.лицензия Жамбыл облысының денсаулық сақтау басқармасымен 05.07.2017 жылы берілді.

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support