- Advertisement -

Кішкентай Досымжан Таңатаров

191

- Advertisement -

Біз Досымжанмен оқушылардың облыстық «Мұқағали оқулары» байқауында кездестік. Байқау жүргізушісі «Аты-жөні – Досымжан Таңатар» дегенде, елең еттік. «Не деген сәйкестік!» дедік те, әйгілі әнші, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Досымжан Таңатаровтың аттасын сөзге тарттық.

Кішкентай Досымжанның да жетістіктері аз емес. Тараз қа ласындағы үш тілде оқыт атын мамандандырылған дарынды балаларға арналған лицейдің 8-сыныбында оқиды. Кітапты көп оқып, өлең жазып, сурет салады. Спорттан да алыс емес. Кейіпкеріміздің мұнша нәрсеге қызығушылығын оятып жүрген ата-анасы мен мектептегі ұстаздары екені анық.

Әкесі Маратбек – қарапайым монтажник, анасы – Нұрзода Әлиева бала күтімімен үйде. Өмірге алты ұл-қыз әкелген ана бұйырса көктемде «Күміс алқа» иегері атанбақ. До сымжан көпбалалы отбасында өнегелі тәрбие алып, өсіп келеді. Ағасы Бекзат спортқа жақын болса, мектепте оқитын інілері Рамазан мен Ерасыл – оқу озаттары. Үш жасар інісі Нұрасыл балабақшаға барып жүрсе, 11 айлық қарындасы Томиристің де түрлі сәби қылықтары бұл отбасына күн сайын қуаныш сыйлап келеді. Кіші Досымжан өмірде танымал До сымжан ағасымен кезде скен емес. Бірақ аталған әншінің әуезді дауысын, қоңыр үнін көп тыңдап өсті. Отбасының үлкендері де бәлкім «Досымжандай өнер иесі бол ын» деп ниеттенген болар. Болашағы жарқын кішкентай Досымжан қазірдің өзінде ақындық, суретшілік өнерімен, оқу озаты болуымен көзге түсіп жүргені қуантады.

– Отанымды, ата- анам мен бауырларымды, туыстарды, достарымды өмірімдегі қымбат, ерекше жандар деп санаймын. Мен үшін осы орта – гүл бағы секілді. Бақытымды байлықтан емес, өмірдің тереңдігінен, білім мен ғылымнан іздегім келеді. Үздіксіз білім алу – өмірге кірпіш болып қаланудың жарқын жолы, – дейді кішкентай Досымжан.

 

 Есет ДОСАЛЫ

Тараз қаласы

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support