Әлеумет

Полковник Серік Сұлтанғабиевке Ресей батыры атағы берілді

Полковник Серік Сұлтанғабиевке Ресей батыры атағы берілді

28Ресей президенті Владимир Путин Серік Сұлтанғабиевке Ресей батыры атағын берді.

Қазақстанда туған азамат, Лесной қаласы әскери бөлімінің командирі Серік Сұлтанғабиев оқу-жаттығу кезінде өз кеудесін гранатаға тосып, кіші сержанттың өмірін құтқарып қалған болатын. Офицерді құттықтау үшін Мәскеудегі Ресей Ішкі әскери госпиталіне ІІМ Ішкі әскерінің бас қолбасшысы Виктор Золотов барған. Сондай-ақ, 42 жастағы Серік Сұлтанғабиевтің көңілін сұрауға Свердлов облысының губернаторы Евгений Куйвашеваның тапсырысымен Свердлов облысының адам құқықтары жөніндегі уәкілі Татьяна Мерзлякова да келді. Ол батырды мемлекеттік сыйлық алғанымен құттықтап, облыс басшының атынан қолсағат сыйлады. Серік Сұлтанғабиев Ерлігі үшін ордені мен «Спешите делать добро» деп аталатын медальға да ұсынылды. Қазіргі таңда полковниктің беті бері қараған. Әскери граната атқылау кезінде кіші сержант қолынан гранатасын түсіріп алды. Сол сәтте Серік Сұлтанғабиев оны итеріп жіберіп, гранатаны кеудесімен бүркемелеп, жарықшақтан ауыр жарақаттанды. Ал кіші сержант зардап шеккен жоқ. Тергеушілер оған қатысты «Төңіректегілерге аса жоғары қауіп туғызатын қару-жарақтар мен заттарды ұстау ережесін бұзу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Ол бап бойынша ең жоғары жаза – әскери қызметтен шеттету немесе тәртіптік әскери бөлімге екі жылға қамау.