№ 16 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі депутаттығына кандидаттарды тіркеу туралы ХАБАРЛАМА
№ 16 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі депутаттығына кандидаттарды тіркеу туралы ХАБАРЛАМА
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 89-бабы 4-3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес №16 округтік сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына саяси партиядан, қоғамдық бірлестіктерден және өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынған №16 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша кандидаттардың тіркелгені туралы хабарлайды:
- Султан Сабит, 1951 жылы туған, ұлты қазақ, «SSS» жеке кәсіпкерлігінің басшысы, Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданы, Құлан ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
- Отарбаев Танат Абенович, 1959 жылы туған, ұлты қазақ, зейнеткер, І топтағы мүгедек, Жамбыл облысы Меркі ауданы Ақтоған ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
- Бекешев Алмаз Аскарович, 1986 жылы туған, ұлты қазақ, Жамбыл облыстық қорғаушылар алқасының мүшесі, қорғаушы (адвокат), Жамбыл облысы Қордай ауданы, Қордай ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
- Жатканбаева Мадина Оналбайкызы, 1978 жылы туған, ұлты қазақ, «Xaqmedia» журналистік зерттеу агенттігінің бас редакторы, Астана қаласының тұрғыны, «Ақ жол» Қазақстанның Демократиялық партиясы ұсынған.
- Медетбеков Данияр Тузелбекович, 1984 жылы туған, ұлты қазақ, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ Жамбыл облысы бойынша филиал директорының орынбасары, Жамбыл облысы Тараз қаласының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
- Джолдасбеков Нуржан Крыкбаевич, 1975 жылы туған, ұлты қазақ, Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқарма басшысының орынбасары, Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Бектөбе ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
- Нурумова Гульдара Алданышевна, 1965 жылы туған, ұлты қазақ, уақытша жұмыссыз, Жамбыл облысы Тараз қаласының тұрғыны, «AMANAT» партиясы ұсынған.
Т.Рысқұлов аудандық сайлау комиссиясы.