№ 15 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі депутаттығына кандидаттарды тіркеу туралы ХАБАРЛАМА
№ 15 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі депутаттығына кандидаттарды тіркеу туралы ХАБАРЛАМА
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 89-бабы 4-3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес №15 округтік сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына саяси партиядан, қоғамдық бірлестіктерден және өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынған №15 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша кандидаттардың тіркелгені туралы хабарлайды:
- Абдраимов Дусенбек Исахметович, 1960 жылы туған, Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің» МКҚК директоры, Тараз қаласының тұрғыны, қазақ, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
- Абилкаиров Даулет Максутович, 1983 жылы туған, «Тараз» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ басқарма төрағасы, Тараз қаласының тұрғыны, қазақ, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
- Баймагамбетов Берик Абенович, 1975 жылы туған, «Жамбыл облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ директорының орынбасары, Тараз қаласының тұрғыны, қазақ, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
- Искандиров Мукаш Зулкарнаевич, 1960 жылы туған, жеке кәсіпкер, Тараз қаласының тұрғыны, қазақ, «AМАNАТ» партиясы» қоғамдық бірлестігі ұсынған.
- Қазақбай Жанат Түйтенұлы, 1958 жылы туған, зейнеткер, қазақ, Алматы қаласының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
- Нуракбаев Ринат Даниярович, 1973 жылы туған, Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының «Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі (Өңірлік коммуникациялар қызметі)» КММ директорының орынбасары, Тараз қаласының тұрғыны, қазақ, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
- Нуралиев Айбек Хайратович, 1990 жылы туған, «Omega Management» ЖШС бас директоры, Астана қаласының тұрғыны, қазақ, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
- Салемов Серик Жаксылыкович, 1972 жылы туған, «М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының проректоры, Тараз қаласының тұрғыны, қазақ, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
Тараз қалалық сайлау комиссиясы.