Ең тиімді тәсіл – қауіп-қатерді болдырмау

Ең тиімді тәсіл – қауіп-қатерді болдырмау
Жалпы, біздің елде жер сілкінісі болу ықтималдығы жоғары мемлекет қатарына кіретінін белгілі. Сол себепті, қауіптің алдын алып, қамданған жөн. Себебі, апат айтып келмейді. Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 түзеу мекемесінде өткен оқу-жаттығу жиынының да негізгі мақсаты осы. Айта кетейік, жер сілкінісі ойда жоқта келгенін ескерсек, төтенше жағдай кезіндегі өз әрекеттерін алдын-ала жоспарлап қою өте маңызды. Белгілі бір жағдайда қандай әрекет жасау керек екенін білгенде, өз өмірін сақтап қалу мүмкін. Жеке құрам қызметкерлерімен бірге жазасын өтеушілер де қатысқан оқу-жаттығу жиыны барысында қауіп-қатерді болдырмау үшін арнайы нұсқаулықтар таратылды. Бұдан бөлек, зақымданғандарға алғашқы көмек көрсету жайына да тәжірибе жасалды. Бастысы, қандай жағдай болмасын сабырлық сақтау аман қалудың тиімді тәсілі екені айтылды.