- Advertisement -

Аманаттықтар үгіт-насихат жұмыстарын қарқынды жүргізуде

183

- Advertisement -

«AMANAT» партиясының облыстық сайлауалды штабының мүшелері «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Жуалы өндірістік филиалының қызметкерлерімен кездесті. Кездесу барысында облыстық сайлауалды штабының төрағасы Дауыл Бейсенқұлов партиялықтар елді мекендерді газдандыру жұмыстарына да белсене араласатынын атап өтті. Ол өз сөзінде бүгінгі таңда өңірде газдандыру-ауылды жандандыру жұмыстары кезең-кезеңімен жүйелі іске асырылып жатқанына тоқталды.

– Партияның түрлі бағдарламаларын іске асыру шеңберінде айтарлықтай жұмыстар атқарылды. Нақтылай түссек, есепті кезеңде 18,8 мың адамды қамтитын 37 елді мекенге газ тартылды. Осылайша, ауылдықтар отын тасып, күл шығарудан біржола арылды. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады. Ал Жуалы ауданындағы 13 ауылдық округтің тек біреуінде ғана тұрғындар табиғи газдың игілігін көре алмай отыр. Ол – Билікөл ауылдық округі. Десе де, бұл мәселе келер жылы шешіледі деп жоспарлануда. Партиялықтар осынау игі іске де өз үлестерін қосатын болады. Сондай-ақ алдағы 5 жыл ішінде азаматтардың кірісін арттыруға барынша айрықша көңіл бөлінеді. Соған сәйкес, қарапайым еңбек адамдары мен өндіріс саласында жұмыс істейтін қатардағы мамандардың және жас кадрлардың еселі еңбектері лайықты бағаланатын болады. Партия бағдарламасында әрбір қызметкер жұмыс беруші мен тұтас мемлекеттің екі жақты қолдауына ие болатыны жөнінде тайға таңба басқандай жазылған, – деді Дауыл Ынтықбайұлы.

Бұдан кейін, сөз алған облыстық сайлауалды штабының мүшесі Еркінбек Солтыбаев партияның негізгі міндеттерінің бірі – қарапайым халықтың өмір сүру сапасын жақсарту екенін жеткізді. Оның айтуынша, мұндай нақты қадамдар тұрғындардың болашаққа нық сеніммен қарауына мүмкіндік бермек. «Бүгінде біздің өңірде Қазақстан бойынша ең төменгі жалақы – 216,4 мың теңгені құрап отыр. Ал, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар саны – 8,2 мың адам. Партия алдағы бес жыл ішінде 33 мың азаматтың «екі қолға бір күрек» табуына жәрдемдесуді көздейді.

Өңірде бірыңғай индустрияландыру картасы аясында 1,6 триллион теңгені құрайтын 30 инвестициялық жобаны іске асыру арқылы 3728-ден астам жұмыс орнын құру әрі еңбек нарығының қажеттілігін ескере отырып, жыл сайын кемінде 388 жұмыссыз адамды жұмыс берушінің жұмыс орындарында немесе оқу ұйымдарында оқыту жұмыстары жүргізілмек. Қорыта айтқанда, 2027 жылдың соңына дейін облыс бойынша ең кемі 84 мың жұмыс орнын, оның ішінде ең кемі 50 мың тұрақты жұмыс орнын құру жоспарланып отыр», – деді ол.Кездесу соңында кәсіпорын қызметкерлері көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, оған тиісті жауаптарын алды.

Айта кетейік, бұл мекемеде бүгінгі күні 30 адам қызмет етеді. Мұнан соң, облыстық сайлауалды штабының мүшелері партияның аудандық филиалында ұйымдастырылған «BIR TOLKYNDA» диалог алаңының отырысына қатысты. Жергілікті жалынды жастардың басын қосқан кездесуде партияның сайлауалды бағдарламасы кеңінен талқыланды. Өз сөзінде облыстық сайлауалды штабының төрағасы Дауыл Бейсенқұлов ел болашағы жігерлі жастардың қолында екенін айрықша атап өтіп, сайлауалды бағдарламада жастардың өсіп-өркендеуі үшін бәріне бірдей әлеуметтік-экономикалық мүмкіндіктер ұсынылып отырғанын баса айтты.

– Санаулы күндерден соң өтетін Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттардың сайлауы – еліміздің ертеңіне ықпал ететін маңызды науқан. Әрбір азаматымыз – біртұтас Қазақстанның ажырамас бөлігі. Ал, елдің келешегі жігерлі жастардың қолында. Өйткені, сіздердің еліміздің көркейіп, жеріміздің гүлденуінде үлестеріңіз зор. Сол себепті, партия жастар саясатын түбегейлі қайта қарап, олардың қоғамда лайықты орындарын табуға ықпал етеді. Бүгінгі таңда «Жастар үшін» қағидатынан гөрі «Жастармен бірге» қағидаты маңызды рөлге ие. Жамбыл жерінде дәл қазір 258 мың жас бар. Партия тарапынан оларды жұмыспен қамту және тұрғын үй мәселелерін шешу жөнінде нақты қадамдар жасалуда. Алдағы 5 жыл ішінде Тараз қаласындағы қоғамдық кеңестерде жастар квотасын енгізу жоспарланып отыр. Сондай-ақ, әр ауданда «Жасыл Ел» еңбек жасақтарын ұйымдастыру арқылы жыл сайын жазғы кезеңге 1,7 мың адамды жұмысқа орналастыруға тікелей көмектесу көзделуде. Ал, «Дипломмен – ауылға» бағдарламасы аясында 700-ден астам жас кадр қамтылмақ. Бұдан бөлек, «Түлектерге арналған жастар практикасы» жобасы шеңберінде жыл сайын кемінде 2 мың жас жұмыспен қамтамасыз етіледі.Сайлауалды бағдарламаға сәйкес жас кәсіпкерлер де үлкен қолдауға ие болады. Осылайша, конкурстық негізде жас кәсіпкерлерге 2,5 пайызбен жеңілдетілген несиелер берілмек. Жастар арасында жұмыссыздық деңгейін азайту мақсатында жұмыспен қамтылмаған жастардың автоматтандырылған электрондық деректер базасын әзірлеу және енгізу де қолға алынады. Ал, «Жастарға жұмыс» жобасы аясында жастар үшін қосымша 5 мың жұмыс орны ашылады, – деді Дауыл Ынтықбайұлы.

Диалог алаңында жергілікті белсенді жастар да өз ойларын ортаға салып, ұсыныс-пікірлерін жеткізді. Олардың айтуынша, жемісті жобалардың қолжетімді болуы мен «Жастар үйінің» салынуы ауыл-аймақта жастардың көптеп тұрақтануына оң ықпалын тигізеді. «Осы себепті, ауыл-аймақта қолайлы орта қалыптастыру қажет», – деді жастар. Атап өтерлігі, бүгінде ауданда 18 мыңнан астам жас бар. Ал, олардың 200-ден астамы жұмыссыздар санатында. Диалог алаңында облыстық штаб мүшелері «AMANAT» партиясы жергілікті жастардың «екі қолына бір күрек» тауып беру мен тұрғын үй мәселесін шешу мақсатында кешенді шараларды жүзеге асыруды мықтап қолға алғанын атап өтті.

Партиялықтар аудан орталығынан шалғай орналасқан Көлтоған ауылына да арнайы барып, ондағы тұрғындарға үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Бұл кезеңде ауылдықтарға сайлауалды бағдарламасы кеңінен түсіндіріліп, үнпарақтар таратылды. Облыстық штаб мүшелері Мәжілістегі «AMANAT» партиясының фракциясы жеңіске жеткен жағдайда, бірінші кезекте ауылдағы ағайынның әл-ауқатын арттыруға көптеп көңіл бөлетінін нақты айтты.

«Жамбыл облысы аграрлық секторды дамытудың зор әлеуеті бар ауыл шаруашылығы аймағы болып табылады. Облыс халқының 56,8 пайызы ауылдық жерлерді мекен етсе, халықтың 55,7 пайызы аграрлық секторларда еңбек етеді. Болашақта біз 950-ден астам жұмыс орнын құра отырып, жалпы құны 150 миллиард теңгені құрайтын 18 инвестициялық жобаны іске асыруға жәрдемдесеміз. Келешекте суармалы жерлердің көлемі 179,2 мың гектарға дейін ұлғайтылатын болады. Ал, бес жыл ішінде ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға бөлінетін қаржы 1,5 есеге арта түспек. Сонымен қатар, жоғары сапалы тұқым сатып алу 1,2 және минералды тыңайтқыштар сатып алуды субсидиялау 1,4 есе артады», – деді Дауыл Бейсенқұлов.

Жалпы, бұл елді мекенде екі мыңнан астам тұрғын бар. Мұндағы азаматтардың басым бөлігі негізінен ауыл және мал шаруашылығымен айналысады. Мәселен, ауылда 246 шаруа қожалық болса, ал жыл өткен сайын егіншілікті кәсіп еткендердің қатары көбейе түсуде. Десе де, егістік жерлердің жетіспеушілігі олардың жұмысын жандандыруға кедергі болып отыр. Тұрғындар партиялықтардың араласуымен осы істің оң шешілуінен үмітті екенін жеткізді. Көлтоғандықтардың сөзінше, күні бүгінге дейін сәтті жүзеге асқан «Ауыл аманаты» жобасымен «Жер аманаты» комиссиясы ауыл тұрғындарына тың серпін берген. Айта кетейік, бұл күні дәл осы округте «Есіктен есікке» акциясы өтіп, партиялықтар үй-үйді аралау барысында «AMANAT» үшін дауыс беруге шақырды.

Акция барысында ауыл ақсақалдарымен кездесу өтіп, сайлауалды бағдарламасының негізгі басымдықтары түсіндірілді. Сонымен қатар, олардың өтініш-тілектері тыңдалды.

 

Суретті түсірген Алтынбек ҚАРТАБАЙ.

Шығарған: «AULIEATA-MEDIA»

ЖШСБасылған жері: «СЕНІМ» ЖШСТаралымы 8082 дана

Тапсырыс беруші: Д.И. Бейсенкулов

Жамбыл облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support