- Advertisement -

Облыс әкімі азаматтарды қабылдады

82

- Advertisement -

Облыс әкімі Нұржан Нұржігітов азаматтарға жеке қабылдау өткізді.

Қабылдауға келген және онлайн режимде қатысқан Тараз қаласы және Шу, Талас аудандарынан жазылған тұрғындар негізінен баспана, жұмыспен қамту, ауланы абаттандыру және өзге де мәселелерді көтерді.

Айталық, тараздық тұрғын, I топ мүгедегі, паралимпиада жүлдегері Толағай Шынболатов тұрғын үйге мұқтаждар тізімінде I топтағы мүгедек ретінде 2014 жылдан бері тұрғанын айтып, баспаналы болуына көмектесуді сұрады. Шулық тұрғын Айтуар Қойгелдиев те баспана мәселесін шешіп беруін өтінді.

Ал облыс орталығының тағы бір тұрғыны Фатима Сейдаметова тұрғын үй ауласының қашан абаттандырудан өтетінін сұрады. Өзге де азаматтар мәселелерін жеткізді.

Облыс әкімі барлық сұрақтар заң аясында шешілетінін атап өтіп, кейбір мәселелер бойынша жан-жақты мүмкіндіктерді қарастыру, зерделеу жүргізу үшін жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар берді.

 

«Aq jol»-Aqparat»

 

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support