- Advertisement -

Басты мақсат — қоғамға бейімдеу

58

- Advertisement -

Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 түзеу мекемесінде «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба» тақырыбында семинар-кеңес өтті. Басқосуға мекеме бастығының орынбасары, әділет подполковнигі Бақтияр Оңбаев, жергілікті полиция қызметінің аға инспекторы, полиция капитаны Қ.Әлішер, Жамбыл аудандық пробация қызметінің инспекторы, әділет лейтенанты Ә.Құдайбергенұлы, Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Тараз қалалық қиын жағдайда қалған адамдарды қайта әлеуметтендіруге арналған орталығының» әлеуметтік қызмет көрсету маманы И.Досболова мен Тараз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығының жетекші маманы М.Әмреев және мекемедегі жазасын өтеуші азаматтар қатысты.

Басқосу барысында спикерлер аталған жобаның барлық бағыттарына кеңінен тоқталып, нақты мағлұматтар берді. Айта кетейік, дәл осы шеңберінде кез келген азамат өз кәсібін ашуға мүмкіндік алады. Тіпті, темір тордың арғы жағындағы азаматтар да еркін өмірге қадам басқан соң осы жобаның жемісін көруіне мүмкіндігі бар.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support