- Advertisement -

Маңызды мәселелер шешімін табады

40

- Advertisement -

Аймағымыздағы жер үсті су ресурстарының 80 пайызы вегетация кезінде көршілес Қырғыз Республикасынан Шу және Талас трансшекаралық өзендері арқылы келеді. Енді осы суға тәуелділікті азайту мақсатында облыста 3 жаңа су қоймасының құрылысы жоспарлануда.

Қордай ауданындағы Ырғайты, Қалғұты су қоймалары және Байзақ ауданындағы Ақмола су қоймасына мемле кеттік сараптаманың оң қорытындысы алынып, жұмыс жобасы мен құрылыс жұмыстарына қаржы бөлуге бюджеттік өтінім берілді. Құны – 25,6 миллиард теңгені құрайды. Жаңа су қойма лары құрылысы вегетация кезеңінде көрші мемлекеттен тәуелділікті азайтып, облысымыздың – 34,5 мың гектар суармалы алқапты қосымша сумен қамтамасыз етуге септігін тигізеді.

Шу-Талас гидрографикалық бассейні жөнінде толығырақ айтар болсақ, бұл арнада Шу, Талас, Аса секілді ірі өзендер мен 242 кіші өзендер, 35 көл, 3 кешендік мақсаттағы су қоймасы, сыйымдылығы 1 миллионнан 10 миллион текше метрге дейін 38 шағын су қоймасы, 164 тоспалар мен әуіттер орналасқан.

Облыстағы жылдық орташа ағын су жиналымы әр жылдағы ылғалдың түсуіне қарай орта есеппен 4,1 миллиард текше метрді құрайды, оның ішінде, 3,1 миллиард текше метр ағын су Қырғыз Республикасы аумағынан ағып келіп, 1 миллиард текше метр ағын су ғана өз жерімізде қалыптасады.

Сондықтан трансшекаралық ағын су мәселесін шешу әзірге оны шешетін басқа мемлекетаралық құрылымдар жоқ болғандықтан, екі ел арасындағы осы халықаралық институттар – Шу-Талас бассейндік кеңесі мен қазақ-қырғыз біріккен хатшылығы комиссиясының өзара түсінісіп, тиімді жұмыс істеуіне ғана байланысты болып тұр.

Ылғал аз түскен 2008 жылы жамбылдықтардың трансшекаралық Шу- Талас бассейніндегі су нысандарынан бөлінетін суға толықтай тәуелді екендігі белгілі болды. Сондықтан суармалы дақылдардың өсу кезеңінен көп бұрын- ақ, жинап алған суды сақтау және оны тиімді пайдалану мәселесіне жүйелі түрде қарау қажет. Мұнда мәселенің бәрі суаруға қажетті ағын суды пайдалануды реттеу және сақтау шараларына байланысты.

Ағын суға сырттан тәуелді болмау үшін қысқы-көктемгі түскен ылғалдар мен көктемге салым еріген суларды, сондай- ақ трансшекаралық су нысандарында жинақталған суларды облыс аумағындағы су қоймаларына, оларға құятын өзен арналарын тереңдете отырып, кеңейту арқылы барынша мол жинауды құнттау керек. Жаңа технологияларды пайдалана отырып, суару жүйелеріне жөндеу және қайта жарақтандыру жұмыстарын жүргізу, мүмкіндіктері бар өзен арналары жанынан жаңа су қоймаларын жасау шараларын жүргізу қажет.

Су ресурстары қорларының болашақта өзгеруі тұрғысында белгілі болған болжамдарға сәйкес, климаттық жағдайлардың трансформациясы – Шу және Талас өзендері алабында су ағынын құрайтын қар-мұз мөлшерінің, өте жоғары биіктік белгілерінде қар және мұз қабаты аудандарының тұрақтануына дейінгі кезеңде уақытша ұлғаюына алып келуі мүмкін. Одан арыда, жоғары температуралар әсерімен әлемдік мұхит бетінен булану мөлшерінің ұлғаюына байланысты өзен ағынын құраушы маусымдық қар және жаңбыр суларының ұлғаюы мүмкін деген болжам жасалады. Ұзақ мерзімдік болашақта көрсетілген трендтер Талас өзені алабында су ресурстарының шамалы ғана ұлғаюына алып келуі ықтимал. Шу, Талас өзендері алабы аумағында су шаруашылық және суды қорғау қызметін іске асыру үшін көрсетілген кезеңде – жер беті, жерасты және қайтарма сулардың қолданыстағы есептік сандық базасы негіз болуы мүмкін. Көпжылдық бақылау кезеңдері көрсеткендей, суы мол және суы аз жылдардың кезектесіп келуінің жоғары ықтималдығы, суы аз жылдардағы су ресурстары тапшылығы салдарларын жұмсарту бойынша келісіліп жүргізілетін шараларды қабылдау қажеттілігін растайды.

Жаңа су қоймалары салынып, іске қосылған кезде, вегетация кезеңінде жыл сайын қайталанып отыратын Қырғызстаннан суға тәуелділік төмендеп, облысымыздың 34,5 мың гектар суармалы алқабы ауыл шаруашылығы айналымына енеді. Одан бөлек, ашық су арналарынан су булануы, топырақ арналы каналдардан судың сүзілуі, су ресурстары мөлшерін есепке алу, су өлшеу бекеттерін автоматтандыру сынды мәселелерді шешу мақсатында оқытушы- ғалымдармен бірге бірқатар ғылыми жұмыстар жүргізілуде.

 

 Сапарбек ЖОЛДАСОВ,

М.Х.Дулати атындағы

Тараз өңірлік университеті, «Су ресурстары» кафедрасының меңгерушісі.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support