Жаңалықтар

Биыл мектепке дейінгі білім берудің 21 мың педагогі біліктілікті арттыру курстарынан өтеді

Биыл мектепке дейінгі білім берудің 21 мың педагогі біліктілікті арттыру курстарынан өтеді

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында 97 408 педагог жұмыс істейді, оның ішінде ауылдық жерлерде – 41 596, қалада – 55 811. Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Мектепке дейінгі білім департаментінің директоры Наталья Жұмаділдаева осындай мәліметтерді жария етті. Баланың дамуының маңызды факторы – мұғалімнің кәсібилігі.

Оқу-ағарту министрлігі өкілінің айтуынша, мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешілерінің мәртебесін арттыру үшін жалақыны ұлғайту және тәрбиеші – бала жүктемесін ЭЫДҰ елдерінің көрсеткіштеріне дейін төмендету тетіктері қарастырылып жатыр. Сонымен қатар министрлік жергілікті атқарушы органдарға мектепке дейінгі білім беру жүйесі үшін педагогикалық кадрларды даярлаудың дуалды жүйесін белсенді қолдануды ұсынады, осылайша студенттер мектепке дейінгі ұйымдарға ертерек барып, дағдыларды меңгеріп, осы салада қалады.