- Advertisement -

Банкроттықтың салдары қандай болмақ?

99

- Advertisement -

Өткен жылдың соңында Қазақстан Республикасы Парламент Сенатымен «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Заңы мақұлданып, Мемлекет басшысы 2022 жылдың 30 желтоқсанында оған қол қойды. Заң ресми жарияланғаннан кейін 60 күн өткен соң күшіне енеді. Яғни, қарызы бар азаматтар 2023 жылдың наурыз айынан бастап банкроттыққа арыз бере алады.

Аталған заңда «соттан тыс банкротты» деген рәсім қарастырылған. Соттан тыс банкроттығы рәсімін тек борышкер ғана бастайды, яғни несие беруші немесе өзге кредитор борышкерге қатысты бұл рәсімді қолдануға құқығы жоқ. Соттан тыс банкроттығын тек банктер, микроқаржы ұйымдары және коллекторлық агенттіктер алдындағы қарыздар бойынша қолдануы мүмкін.

Бұл рәсімді қолдану үшін келесі шарттар орындалады:

  1. Қарыз 5,5 миллион теңгеден (1600 АЕК) аспайды және 12 айдан артық өтелмейді. Ақпарат https://id.mkb.kz сайтында қолжетімді.
  2. Мемлекеттік тіркеуге жататын мүлік (Жылжымайтын мүлік, жер және көлік құралдары) жоқ. Ақпарат E.gov.kz сайтында қолжетімді.
  3. Банкпен, микроқаржы ұйымымен борышты реттеу туралы құжаттың болуы (коллекторлар бойынша талап етілмейді).

Сонымен қатар заң жобасымен бірінші, 6 ай бойы атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алушылар үшін – борышты өтемеу кезеңінің бөлігінде бірінші шарт ескерілмейді. Екінші, егер қарыз 5 жылдан артық өтелмесе – жоғарыда аталған барлық шарттар ескерілмейтін ерекше жағдайлар қарастырылған.

Соттан тыс банкроттық «Электрондық үкімет» веб-порталында басталады. Содан кейін ақпараттық жүйе арқылы борышкердің кіру критерийлеріне сәйкестігін анықтау мақсатында мүдделі мемлекеттік және басқа органдардың деректерімен автоматты түрде салыстыру жүргізілетін болады.

Соттан тыс банкроттығы рәсімін тек борышкер ғана бастайды, яғни несие беруші немесе өзге кредитор борышкерге қатысты бұл рәсімдерді қолдануға құқығы жоқ. Борышкер белгіленген нысан бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы жазбаша (қағаз және (немесе) электрондық) нысанда соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану туралы өтініш береді.

Өтінішке қоса беріледі

  1. Кредиторлар тізбесі (банктер, микроқаржы ұйымдары, коллекторлық агенттіктер).
  2. Банкпен, микроқаржы ұйымдарымен борышты реттеу туралы құжат (коллекторлар бойынша талап етілмейді).

Банкроттықтың салдары

  1. Банктерден және микроқаржы ұйымдарынан 5 жыл қарыз алуға тыйым салынады.
  2. Қайта банкроттық 7 жылдан кейін мүмкін болады.
  3. Банкроттықтан кейін 3 жыл ішінде мүлікті сатып алуды бақылау (мониторинг) жүзеге асырылады.

 

Өмірзақ ҚОСПАНОВ,

облыс бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Байланыс орталығы» басқармасының басшысы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support