- Advertisement -

Басты мақсат – тұрақты жұмыспен қамту

123

- Advertisement -

Бүгінгі таңда темір торға тоғытылғандарды жұмыспен қамту маңызды мәселелердің бірі. Осы орайда, ҚАЖ Комитеті тарапынан кешенді шаралар қолға алынған. Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 түзеу мекемесінде өткен дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты – жазасын өтеушілерді тұрақты ақылы жұмыспен қамтуға ықпал ету.

Мекеме бастығының орынбасары, әділет подполковнигі Бақтияр Оңбаевтың төрағалығымен өткен жиынға бірқатар кәсіпорын басшылығы да арнайы қатысты. Олардың қатарында «Вилла-Строй», «Ержан», «Компания Самұрық» және «Запчасть» жеке кәсіпкерлігінің өкілдері болды. Жиын барысында Бақтияр Әлмаханұлы екі жақты жүргізілген келіссөдер нәтижесінде сотты болған азаматтардың еңбекпен қамтылуына ықпал етуге болатынын атап өтті.

— Кәсіпкерлерді түзеу мекемелерінің аумағында өз кәсіп ашуға шақырамыз. Бұл ретте мекеме тарапынан жан-жақты қолдау көрсетілетін болады. Жалпы, жазасын өтеушілердің жұмыспен қамтылуы жеке кәсіпкерлер үшін де тиімді. Өйткені, сіздер мұндағы жұмысшыларға көп қаражат төлемей-ақ сапалы өнім өндіресіздер, — деді Б.Оңбаев.

Жиын соңында мекемеде сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру тобының аға инспекторы, әділет аға лейтенанты Нұрсұлу Кенишбаева сөз алып, бүгінде мұнда 155 сотталған азамат еңбекпен қамтылғанын жеткізді.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support