- Advertisement -

Бердібек Сапарбаев «Еңбек ардагері» атанды

116

- Advertisement -

Бердібек Сапарбаев «Еңбек ардагері» медаліне ие болды.

Қазақстанның белгілі мемлекет және саяси қайраткері Бердібек Сапарбаев ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қызметкерлерімен кездесу өткізіп, мемлекеттік қызметтегі өз тәжірибесі туралы айтып берді, деп хабарлайды Aq jol газетінің тілшісі министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ол аталған министрліктің жас қызметкерлерімен мемлекеттік қызметтегі жұмыс тәжірибесімен бөлісіп, сұрақтарына жауап берді.

Кездесу барысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Бердібек Сапарбаевқа «Еңбек ардагері» медалін табыс етті.

Айта кетейік, әр жылдары Бердібек Сапарбаев түрлі мемлекеттік және саяси лауазымды атқарды. Оның ішінде республиканың 5 өңірін басқарды, екі рет ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі және ҚР Премьер-министрінің орынбасары болды.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support