- Advertisement -

Әулиебастау

378

- Advertisement -

Кез келген тау мен тас, өзен мен бұлақ атауларының терең сыры мен тарихы бар. Осындай құпия сырға толы Әулиебастау топонимі облысымыздың аумағында көптеп саналады.

Әулие бастау бұл ағымен оның қасында орналасқан ортағасырлық қалашықтың  орны облыстық жергілікті маңызы бар мемлекеттік тарих және мәдениет ескерткіштерінің тізіміне, «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы бойынша Қазақстанның өңірлік қасиетті ныс андары тізіміне енген. Әулиебастау қалашығы (VI-XIII ғ.) мен бұлағы Жамбыл ауданы, Айша бибі ауылынан 13 шақырым, Тараз-Қарабастау тасжолының солтүстік жағында 1 шақырым қашықтықта орналасқан. Қалашықта ХІХ ғасырдан бастап ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіліп, топографиялық құрылымы анықталған.

Ескерткіш Орта Азияға іссапармен келген В.В. Бартольдтың есебінде Абдуррахман деген атпен берілген. Әулиебастау қа л ашығ ын ың гео г рафи ял ық жағынан өте ыңғайлы жерде орналасуы оның Ұлы Жібек жолы бойындағы маңызды қалалардың бірі болғандығын байқатады. Себебі көшпелі және отырықшы мәдениеттердің тоғысқан жері Шу мен Талас аймақтары дами келе үлкен сауда ошағына, Қытайдан Еуропаға өтетін үлкен керуен жолының дәлізіне айналды.

Әулиебастау қалашығы да алғашында Батыс Түрік қағанатының саяси-экономикалық маңызы бар қалалардың бірі ретінде негізі қаланды. Саяси талас- тартыстар нәтижесінде Әулиебастау қалашығы өз тарихында талай оқиғаларды өткізіп, құлдырауды да, өрлеуді де бастан кешті. Әулиебастау қалашығы Түркі тайпалары құрған мемлекеттердің қаласы ретінде тарихта қалды. Қала орны төбе болып үйіліп жатқан батыс және шығыс бөліктерден тұрады. Батыс бөлігі 85х87 метр, шығысы 100х130 метр, биіктігі 9 метр болатын үйінді алаң түрінде сақталған.

Әулиебастау қалашығының оңтүстік батыс жағындағы жарылған жартастың астынан бұлақ ағып жатыр. Бұлақтың суынан қалашықтың іргесінде көлшік пайда болған. Бұлақтың суы жыл бойы тұрақты температурада ғана ағып жатады. Суы аса маңызды минералдар мен микроэлементтерге бай, көптеген ауруларға шипа. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, судың емдік қасиеті бар, ішкен адамға ерекше күш береді. Ашық алаңқайда қыр етегінде ағып жатқан кәусар бұлақтың дәмі ерекше.

Бір қызығы, бұл әулиенің суына күміс бұйымдарымен шомылса біраз уақыттан кейін сол күміс бұйымдар жалтырап тазарып шығады екен. Сондықтан бұлақ жергілікті халық арасында Әулиебұлақ деп аталып кеткен.

 

Айсана НҰРБАП.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support