- Advertisement -

№16 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидатты тіркеу туралы ХАБАРЛАМА

128

- Advertisement -

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 89-бабы 4-3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес №16 округтік сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына саяси партиядан, қоғамдық бірлестіктерден және өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынған №16 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша кандидаттардың тіркелгені туралы хабарлайды:

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат Нурумова Гульдара Алданышевна, 1965 жылы туған, уақытша жұмыссыз. Жамбыл облысы Тараз қаласының тұрғыны, «Amanat» партиясы» ұсынған.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат Султанова Махаббат Тулегенкызы, 1977 жылы туған, Д.Қонаев атындағы орта мектебінің директоры. Жамбыл облысы Шу ауданы Д.Қонаев ауылының тұрғыны, өзін- өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат Жатканбаева Мадина Оналбайкызы, 1978 жылы туған, «Xaqmedia» журналистік зерттеу агенттігінің бас редакторы. Астана қаласының тұрғыны, «Ақ жол» Қазақстанның Демократиялық партиясы» ұсынған.

 

№16 округтік сайлау комиссиясы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support