2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіне депутаттыққа кандидаттарды тіркеу туралы ХАБАРЛАМАСЫ

122

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 104-бабы 6-1 тармағының 1-тармақшасына сәйкес №15 аумақтық сайлау округі комиссиясының шешімімен бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына төмендегідей кандидаттардың тіркелгендігі жөнінде хабарлайды:

№15 сайлау округі бойынша:

  1. Искандиров Мукаш Зулкарнаевич, 1960 жылы туған, жеке кәсіпкер,

Тараз қаласының тұрғыны, қазақ, «AМАNАТ» партиясы» қоғамдық бірлестігі ұсынған.

  1. Қазақбай Жанат Түйтенұлы, 1958 жылы туған, зейнеткер, қазақ, Алматы қаласының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
  2. Абдраимов Дуйсенбек Исахметович, 1960 жылы туған, Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің директоры, Тараз қаласының тұрғыны, қазақ, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
  3. Нуралиев Айбек Хайратович, 1990 жылы туған, KIMEP University, Астана қаласының тұрғыны, қазақ, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
  4. Баймагамбетов Берик Абенович, 1975 жылы туған, Жамбыл облыстық білім беру қызметкерлері кәсіподағы директорының орынбасары, Тараз қаласының тұрғыны, қазақ, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
  5. Салемов Серик Жаксылыкович, 1972 жылы туған, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің проректоры, Тараз қаласының тұрғыны, қазақ, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.

Comments are closed.