- Advertisement -

Ерлік сабағы

160

- Advertisement -

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтында Кеңес әскерінің Ауғанстаннан шығарылу күніне орай мектеп, колледж оқушыларымен және институт студенттерімен «Оңтүстік» өңірлік әскерлері қолбасшылығы, аймақтағы жергілікті басқару органдары басшыларының қатысуымен «Ерлік сабағы» өткізілді.

Іс-шара әртүрлі білім беру жүйелері, атап айтқанда, мектеп, колледж, институт жастарын «Оңтүстік» аймақтық қолбасшылығының әскерлерімен тығыз өзара әріптестік байланыс орнатуға бағытталды. Аталған оқу ордасы әрдайым жастарды жоғары әскери оқу орындарына түсуге және әскери қызметке дайындау, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштердегі әскери қызметтің беделін көтеру, институт студенттерін, мектеп, колледж оқушыларын Қазақстан Республикасы Қарулы күштер қатарына тарту мақсатында әскери- патриоттық жұмыс жүргізіп келеді.

Өткізілетін іс-шара оқушылар мен студенттерді ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға және Отанға деген сүйіспеншілік сезімін дамытуға, патриоттыққа тәрбиелеуге, бейбітшілік пен ынтымақтың маңызын айшықтауға бағытталғаны көңіл қуантады.

«Отан – әрбір азаматтың баға жетпес асыл қазынасы. Сондықтан оны қорғау кез келген ұрпақ үшін қасиетті парыз екенін ұмытпауымыз керек. Мемлекетіміздің болашағы, қорғаны, сенері де бүгінгі жастар. Отансүйгіш жастарымыз көп болса, алар асуымыз алда», дейді Ауған соғысының ардагері Дүкенбай Ермеков.

Жиында адалдық, аға буынға құрмет, батылдық, өз халқына деген сүйіспеншілік, жауынгерлік рухты көтеру сияқты жоғары адамгершілік және моральдық-психологиялық қасиеттерді қалыптастыру, оқушылар мен студенттер арасында жоғары тәртіптілікке қол жеткізу бағытында дәрістер оқылып, өнегелі кеңестер айтылды.

Ерлік сабағы студенттердің концерттік бағдарламасына ұласып, жастар патриоттық әндер шырқап, ерлікті жырлады.

 

Нұржан ҚАДІРӘЛІ

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support