- Advertisement -

Жауынгерлерге құрмет көрсетілді

131

- Advertisement -

Кеңес әскерлерінің Ауғанстан аумағынан шығарылған күнінде интернационалист-жауынгерлерге құрмет көрсетілді. Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков пен Ауған соғысының ардагерлері, зиялы қауым өкілдері «Жеңіс» саябағындағы Ауған соғысының ардагерлеріне арналған кешенге гүл шоқтарын қойды. Өткен күндерден естелік айтылған жиынға қатысқандар қаза болған жауынгерлерге тағзым етті.

Осыдан 34 жыл бұрын, яғни 1989 жылдың 15 ақпанында Кеңес әскерлері Ауғанстан жерінен шығарылды. Олар 1979 жылдың 25 желтоқсанында КСРО Қорғаныс министрінің бұйрығымен Ауғанстанға жіберілген жауынгерлер
еді.

Сол он жыл ішінде Кеңес Одағынан Ауған соғысына 500 мыңнан астам азамат қатысып, оның 15 мыңы опат болған. Ал Қазақстаннан бұл майданға 22 мыңнан астам жауынгер аттанған болатын. Елімізден барған жауынгерлердің 889-ы қазаға ұшырап, 30-ға жуығы хабар-ошарсыз кеткен. Қазақстаннан аттанған 3 мыңнан астам жауынгер соғыстан мүгедек болып оралды.

Ауған соғысына аттанғандардың 2 мыңы Жамбыл облысының азаматы болса, оның 600-ге жуығы Тараз қаласының ұландары болатын.

Интернационалист- жауынгерлерге құрмет көрсетілген жиында кешегі күннің қасіреті мен ел тыныштығы үшін аянбайтын ерлердің жанқиярлық әрекеттері сөз болды.

«Аq jol»-Aqparat».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support