Ел жаңалықтары

Құлақ неге шыңылдайды...

Құлақ неге шыңылдайды...

Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с) миғраж сапарында алып бәйтеректі көреді. Ағаштың жапырағына сан жетпейді. Әр жапырақта өмір сүріп жатқан адамдардың аттары жазылыпты. Пайғамбар Жебірейілден: – Бұл не? – деп сұрайды. Жебірейіл: – Бұл – адамның тағдыры. Кімнің дәм-тұзы таусылса, жапырақтың біреуі үзіліп жерге түседі. Жапырақ қиылғанда адамның өмірі қоса үзіледі. Жапырақ жерге түскенше, марқұм болған адаммен аттас пенделердің құлақтары шыңылдайды. Яғни, періштелер: «Сенімен аттас бір адам дүниеден өтті. Бұл күн сенің де басыңа келеді», – деп, тірілердің есіне өлімді салып тұрады. Егер ол марқұм пейішке кетсе, тірінің оң құлағы шыңылдайды. Ал егер тозаққа кетсе, аттасының сол құлағы шыңылдайды, – дейді. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) миғраждан қайтқан соң, үмбеттерін жинап алып: – Оң құлақтарың шыңылдаса, «Субхан Алла» деп айтыңдар, сол құлақтарың шыңылдаса, «Астапыралла» деп тәубе етіңдер, – деп өсиет айтыпты.

Жоба жетекшісі: Көсемәлі Сәттібайұлы ckosemali@mail.ru

Эльвира ЖАРЫЛҚАСЫНОВА elvirkz@mail.ru

Шынар САҒИЕВА shinar_akjol@mail.ru