- Advertisement -

Жамбыл облысы кәсіпкерлер палатасында 6 салалық комитет құрылды

122

- Advertisement -

Орта және шағын бизнес мүдделеріне назар аудару мақсатында салалық комитеттер құру туралы шешім «Атамекен» ҚР ҰКП X съезінде қабылданды. Осы жұмыс шеңберінде барлық өңірлерде, соның ішінде Жамбыл облысында экономиканың негізгі салалары бойынша салалық комитеттер құрылды.

Олар, Агроөнеркәсіп және тамақ өнеркәсібі комитеті, Өнеркәсіп комитеті, Энергетика және ТКШ құрылыс комитеті, туризм, сауда және қызметтер комитеті, Көлік және логистика комитеті және әлеуметтік мәселелер комитеті.

«Комитеттерді құру кезінде өңірлердің ерекшелігі ескеріледі. Индустриалды-аграрлық аймақ-Жамбыл облысы — бірегей өнеркәсіптік, аграрлық, логистикалық және туристік әлеуетке ие. Құрылған комитеттердің жұмысы жүйелі мәселелерді жедел шешуге, кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге бағытталатын болады», – деді Жамбыл облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Еркін Атымтаев.

Салалық комитеттердің міндеттеріне жергілікті атқарушы органдармен тиімді өзара іс-қимылды ұйымдастыру, өңіраралық және ведомствоаралық үйлестіру, салалық сараптаманы шоғырландыру, бизнес құқықтарын қорғау және кәсіпкерлердің құзыреттерін арттыру кіреді.

Өнеркәсіп комитеті

Комитеттің төрағасы жеке кәсіпкер Латиф Айдаров. Күн тәртібінде облыс өндірушілерінің «Жайлы мектеп» жобасын іске асыруға қатысуы, «Таразкожобувь» ЖШС мысалында ірі зәкірлікәсіпорындардың айналасында шағын және орта бизнес белдеуін құру мәселелері талқыланды, отандық өндірушілер үшін сәйкестік сертификаттарын алу бойынша түсініктеме берілді.

Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық құрылыс комитеті

Комитет төрағасы болып «Агроспецстрой» ЖШС директоры Марат Рахимбердиев тағайындалды.Комитет отырысында жанар-жағармай материалдары мен сұйытылған газ бойынша ағымдағы жағдай талқыланды.

Әлеуметтік мәселелер жөніндегі Комитет

Халықаралық Тараз институтының президенті Ерболат Саурықов әлеуметтік саладағы комитеттің төрағасы болып табылады. Комитет отырысында әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне кіру және әлеуметтік кәсіпкерлік мәселелері бойынша заңнамаға енгізілу қағидалары, «Ерікті негізде кәсіптік біліктілікті тану орталықтарын аккредиттеу қағидалары» жобасы талқыланды, сондай-ақ жұмыс орындарын мемлекеттік субсидиялау қағидалары және халықты жұмыспен қамту орталығы ұсынатын басқа да мемлекеттік қолдау шаралары түсіндірілді.

Көлік және логистика комитеті

Көлік және логистика комитетінің төрағасы болып «ӘулиеатАтаТрансПасс» ЖШС директоры Рашид Пірманов сайланды. Бірінші отырыстың күн тәртібінде Жамбыл облысы, Меркі кентіндегі автомобиль көлігін өткізу және өлшеу пункттеріндегі электрондық кезектің автоматтандырылған жүйесі туралы айтылды.

Агроөнеркәсіп және тамақ өнеркәсібі комитеті

«Әулие Ата Феникс» ЖШС директоры Фарида Жүнісова агроөнеркәсіп және тамақ өнеркәсібі комитетінің төрағасы болып табылады. Отырыстың күн тәртібінде мал шаруашылығы саласындағы субсидиялау мәселелері талқыланды, тыңайтқыштардың субсидияланатын түрлерінің тізбесі мен субсидиялар нормалары, сондай-ақ инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу жөніндегі субсидиялау қағидаларының жаңа жобасы түсіндірілді. Пиязды экспорттауға тыйым салу бөлек талқыланды.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support