- Advertisement -

Батылдық пен ерліктің өшпес өнегесін көрсетті

27

- Advertisement -

15 ақпан – Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылған күні.

Осыған орай, бүгін Жуалы ауданында соғыста қаза тапқан майдангерлер еске алынып, Ауған соғысы ардагерлеріне арналған ескерткішке гүл шоқтары қойылды.

Сондай-ақ, жауынгер-интернационалистердің ерлігін ұлықтау рәсімі өтті.

Аудан әкімі Мұртаза Жалғас жастардың бойына патриоттық сезімнің қалыптасуына қосқан үлестері үшін Ауған соғысының бірқатар ардагерлеріне Алғысхат табыстады.

Сонымен қатар, Ауған соғысында жуалылық азаматтар да Отан алдындағы Интернационалдық борышын абыроймен адал атқарып, от пен оқтың ортасында жүріп, қанды шайқаста батылдық пен ерліктің өшпес өнегесін көрсеткенін атап өтті.

Өздеріңіздің ерлікке толы қаһармандық істеріңіз жастарымызға үлгі бола береді деген сенімдемін.
Ауған соғысы құрбандары мен ардагерлерін ұлықтау бүгінгі ұрпақтың – басты парызы,- деді Мұртаза Жалғас.

Жуалы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support