Денсаулық

Ұшатын автокөлік

Ұшатын автокөлік

Австриялық «Aeromobil» компаниясы Венада ұшатын «Flying Roadster 3.0» көлігінің тұсауын кесті. Негізі ұшатын көліктің алғашқысы 25 жылдай уақыт бұрын жасалған. Қазіргі таңда автокөлік құралы байқау сынағында тұр. Бұл жаңалықтың авторы – бұрында BMW және «Audi» авто мекемесінде жұмыс жасаған, қазір «Aeromobil» компаниясының бас-дизайнері Стефан Кляйн. «FlyingRoadster» түзу жолда, орта есеппен алғанда, 160 км/сағатпен жүрсе, көкке көтерілген соң 200 км/сағаттан астам жылдамдықпен ұша алады. Көлік құрастырушылардың сөзіне қарағанда, бұл көлік жол жүйесі нашар елдерге арналған. Жоба әлі де көптеген толықтыруды қажет еткендіктен, жаппай өндіріске қай уақытта шығатыны әзірге белгісіз. «FlyingRoadster» туындысының ең негізгі айырмашылығы, оның көлемінің кішілігінде. Қарапайым көліктер жүретін қара жолға емін-еркін сияды. Сондай-ақ, көлік тұрағына еш қиындықсыз қоюға болады. Ұшатын көлік сағатына 15 литр жанармай жағады екен. Өндірушілер қауіпсіз ұшу құрылғыларының сапасының мықтылығына сенімді. Өкінішке қарай, ұшқыш көлік иесіне жол кептелісінен қашып құтылуына көмектесе алмайды. Әуеге көтерілуі үшін 50 метрлік асфальтты жол немесе шөпті алқап қажет.

Жоба жетекшісі: Көсемәлі Сәттібайұлы ckosemali@mail.ru

Эльвира ЖАРЫЛҚАСЫНОВА elvirkz@mail.ru

Шынар САҒИЕВА shinar_akjol@mail.ru