- Advertisement -

Жергілікті маңызы бар«Бетпақдала» мемлекеттіктабиғи қаумалын құру үшін жерлердірезервте қалдыру туралы

71

- Advertisement -

«Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2-тармағының 10) тармақшасына және 24-бабына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Сарысу және Мойынқұм аудандарының аумақтарында қоса беріліп отырған жергілікті маңызы бар «Бетпақдала» мемлекеттік табиғи қаумалын құру үшін резервіленген жер учаскелерінің орналасу жоспары (сызбасы) мен экспликациясына сәйкес (1, 2-қосымшалар) шекаралары шегінде жалпы алаңы 1415861 гектар жер учаскелері оларды пайдалану құқығына шектеулер (ауыртпалықтар) белгiлемей 12 ай мерзімге резервте қалдырылсын.
  2. «Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) Осы қаулының Жамбыл облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

2) Осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Жамбыл облысының әкімі Н.Нұржігітов

Жобаны ұсынушы:

Жамбыл облысы әкімдігінің

табиғи ресурстар және табиғат

пайдалануды реттеу басқармасының

басшысы М.Шүкеев

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support