- Advertisement -

Қаратау қаласында ауыл әкімдеріне оқу-тәжірибелік семинары өтті

150

- Advertisement -

Қазақстанда жергілікті өзін-өзі басқару реформасы жобасы аясында аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты қызметкерлеріне арналған оқу-тәжірибелік семинары өтті.

Аталған семинар ҚР Ұлттық экономика министрлігі мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы аясында ұйымдастырылды.

Шараға Байзақ, Жамбыл, Сарысу, Жуалы, Талас аудандарының экономика, қаржы бөлімдерінің мамандары мен ауыл әкімдері қатысты.

Семинарды Қазақстан Республикасындағы БҰҰДБ жобасының сарапшысы Қанатбек Зертүймеев ашып, оқу-тәжірибелік семинарының маңыздылығына тоқталды.

Семинарда ҚР Ұлттық экономика министрлігі Өңірлерді талдау және жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту департаменті директорының орынбасары Нұртасқан Әжіметов баяндама жасады. Ол Парламентке ұсынылған «ҚР жергілікті өзін-өзі басқару туралы» Заңының жобасын семинар қатысушыларына баяндады.

Ал, ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Өңірлік құжаттарды әзірлеу және мониторинг жүргізу басқармасының басшысы Мақсұт Құрықбаев аудандар мен облыстық маңызы бар қала әкімдерін тікелей сайлауын өткізу мәселелеріне жеке-жеке тоқталып өтті.

Бұдан бөлек, экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары Сандуғаш Абдралиева, қаржы басқармасы басшысының орынбасары Батырхан Әкек IV деңгейлі бюджетті жоспарлау, атқару бойынша мақсат-міндеттерді жеткізді.

Семинар барысында қатысушылардың толғандырған сауалдарына мамандар жауап беріп, өзара пікір алмасты.

Айта кетейік, оқу-тәжірибелік семинар ертең Меркі ауданында өтуде.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support