- Advertisement -

Қазақстан Түркияға 55 тонна гуманитарлық көмек жібереді – ҚР Үкіметі

133

- Advertisement -

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Қазақстан Республикасы Түркия Республикасына қосымша гуманитарлық көмек көрсетеді. Бұл мәселе ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдің төрағалығымен өткен Үкіметтік комиссияның отырысында талқыланды, деп хабарлайды Aq jol ақпараттық агенттігінің тілшісі ҚР Үкіметінің Telegram-арнасына сілтеме жасап.

Гуманитарлық көмекте жалпы салмағы шамамен 55 тонна болатын киім-кешек (жылы күртешелер мен шалбарлар), қысқы шатырлар, металл кереуеттер, төсек-орын жабдықтары және басқа да күнделікті қолданысқа қажетті заттар бар.

Жүктер әуе көлігімен Түркияның Газиантеп қаласына жөнелтіледі.

Қазақстан биыл ақпан айының басында болған жойқын жер сілкіністерінің салдарын жоюда Түркияға қолдау көрсетуде.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support