Құқық

Есепте тұрғандар тексерілді

Есепте тұрғандар тексерілді

Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты Тараз қалалық пробация бөлімдерінің қызметкерлері мен жергілікті учаскелік полиция қызметкерлерімен бірлесе отырып, қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаға тартылған азаматтарға қатысты профилактикалық шара өткізді. Жалпы, бұл шараның басты мақсаты – есепте тұрғандар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу, сондай-ақ олардың тұрғылықты жерін тексеру.

Шара барысында тәртіп сақшылары қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаға тартылғандарды тұрғылықты жерін тексеріп, олардың ата-анасы мен туған-туыстарымен сөйлесті әрі профилактикалық сұхбат жүргізді. Бұл күндері ойын-сауық орындары мен кафе-барлар да тексеріледі. Айта кетейік, тұрғылықты мекен жайында тіркелмеген сотталғандарға жергілікті учаскелік полиция қызметкерлерімен ҚР ӘҚБтК 492 бабына сәйкес ескерту беріледі.