- Advertisement -

Жастар отаншыл, еңбекқор болса дейміз

35

- Advertisement -

Елімізде мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруде ауыз толтырып айтарлықтай шаралар мен бағдарламалар жүзеге асуда. Одан бөлек мемлекеттік мекемелерде де, төл ана тіліміздің мерейін асқақтату мақсатында түрлі бағытта жұмыстар жүргізілуде. Соның бір айғағы – еліміздегі соттардың барлығы электронды хат алмасулар қазақша жасалуда. Әрине, сотқа келіп түскен іс сотталушының қалауынша, яғни, қазақ және орыс тілінде жүргізілуіне байланысты қаралады.

Осы ретте қазақ тілінің көсегесін көгертіп, ана тіліміздің көкжиегін кеңейтетін жастар екенін, олардың бойындағы патриоттық сезім мен тәлім-тәрбиесі екенін атап өткім келеді. Қазіргі жасөспірімдердің көбісі табысты тергеуші, сот, кәсіпкер, банк қызметкері сынды маман болсам деп армандайды. Жастардың мұндай ұмтылысына сәттілік тілейміз, әрине. Бірақ олар әрқашан ана тіліне деген құрметін жоғалтпай, білім мен адал еңбекті серік етсе дейміз.

Менің қызметімде ойландыратын жайт, ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынаста тәрбиеге мән берілмей жатқандығы. Бүгінгі таңда жастар ерінбей еңбек етуден қашқақтап, бостан-бос қамсыз жүруі, ертеңіне нық сеніммен үміт етпеуі жүрегіңді ауыртады. Соның салдарынан түрлі бұзақылыққа, заңбұзушылыққа барып, істері сотта қаралып жатады. Ал отаншыл, еңбекқор, елі мен жерін шексіз сүйетін жастың қандай да бір теріс қылық танытып, заңсыз әрекет етуі мүмкін емес деп білемін.

 

Бексейт ЖАНСЕРІК,

Тараз қалалық сотының судьясы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support