Мамандығын мақтан еткен
Мамандығын мақтан еткен
– Әрине, әсер ерекше. Президенттің өзі мұғалімнің еңбегін жоғары қойып, бағалап, сәттілік тілеп тұрса, мұғалім үшін одан артық не керек! Оның үстіне оқушылар да ерекше әсер алды деп ойлаймын. Олар Президент келіп-кеткеннен кейін болған толқынысты сезімдерін әлі айтады. Тіпті алған әсерінен мақала жазғысы келгендері де бар. Ал әріптестерім мұндай бақ екінің бірінің басына қонбайтынын жеткізуде. Президент қарапайым кісі екен. Мүмкін сол қарапайымдылығы болар, ол кісіні биіктетіп тұрғаны. Шындығын айту керек, Президент келіп-кеткелі оқушылардың да сабаққа деген ынтасы артты деп ойлаймын, – дейді Айнұр Құранбекова. Иә, бүгінде Көктал ауылының тұрғындары да мектеп ұстаздарын мақтаныш етеді. Сонымен қатар жаңадан пайдалануға берілген мектепте оқушылар үшін барлық жағдай жасалып отыр. Бұл да мемлекеттің білім саласына жеткілікті деңгейде көңіл бөліп отырғанының көрінісі.
Ерман ӘБДИЕВ
Байзақ ауданы